В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
kdominsk71
kdominsk71
10.02.2020 23:00 •  Қазақ тiлi

"Үседі. Потитының
Сөйлесейік
3. Суреттерге қара. Алматы қаласы туралы мәтінді басшылыққа
алып, Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәтін құрап айт.​

Показать ответ
Ответ:
bamnames
bamnames
13.03.2021 03:11
Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналықтың, әкеліктің сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы   «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.Әрбір оқушының өз жүрегіне жақын сүйікті ұстазы болады. Ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Мысалға, менің сүйікті ұстазым – информатика пәнінің мұғалімі, әрі сынып жетекшім – Гүлназым Дәулеткелдіқызы. Ұстазым өз мамандығын сүйеді, сабаққа жан-жақты дайындықпен келіп, биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Информатика пәнімен қоса «Өзін –өзі тану» пәнінен де сабақ береді. Информатика пәнінен бізге білгендерін үйретуде. Өзін-өзу тану сабағын тартымды әрі қызықты еткізіп өткізеді. Оқушының сабаққа қызықтыру мақсатында сыныптан тыс іс-шараларды жа жиі өткізеді. Сынып жетекшім бізге білім беруге, ой-пікірімізді тиянақтауға бар күшін жұмсап атсалысады. Білгенін үйретеді. Оқушының жаманын жасырып, жақсылығын асырады.Ержеткен соң да, мекбеті мен ұстазын қимайтын оқушылар да кездеседі. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, үлкен азаматтар қатарына қосылғаннан кейін де ұстаздарын іздеп келіп жататындар да аз емес. Бұның барлығы ұстазға байланысты. Кейбіреулеріне ұстаз анасындай болып кетеді. Ал ана әрбір а қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз. Ұстазға әрдайым жылы жүз бен мейінбандылық тынытып, сыйлап құрметтеу – біздің парызымыд. Ұстазға қандай құрмет көрсетсе де аз емес. Сондықтан да ұстаз деген ұлы есімді мәңгілік қастерлеп өтемін. Мағжан атамыз айтқандай, өмірдегі қадірлі орын – мұғалімдікі. Мен өзімнің сүйікті ұстазыма шығармашылық табыс, қажымас қайрат, отбасына амандық, мықты денсаулық тілеймін.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Anna050503
Anna050503
15.08.2021 06:24
Күшейтпелі шырай
Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады. Мысалы: үлкен — үп-үлкен,— тым үлкен, тамаша — тап-тамаша — өте тамаша, жақсы —жап-жақсы, аса жақсы, кіші — кіп-кіші — тым кіші т. б.

Күшейтпелі шырай екі түрлі жолмен жасалады.
1. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: биік — біп-биік, ұзын — ұп-ұзын, жақын — жап-жақын, суық — сұп-суық т. б.
Күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітіп: биік — бі-йік — біп; жап-жақсы) негізгі сын есімдермен дефис (-) аркылы жазылады. Тек ақ, көк сөздерді күшейткіш буын үстелгенде аппақ (ап-ақ емес), көкпеңбек (көп-көк емес) болып бірігіп жазылады.
2. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңгай, кілең, сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: өте күшті, тым биік, ең жақсы, аса терең, нағыз жүйрік, шымқай қызыл, орасан зор т. б. Бұл сияқты күшейткіш үстеулер сын есімдердің алдында келеді де, бөлек жазылады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота