Сен жазғы демалыста басқа қалаға саяхаттап бардың.Саяхаттан алған әсеріңді бөлісіп, отбасыңа хат жазыңыз.Хат құрастырып жазуда төл сөз, төлеу сөз, автор сөзін қолданыңыз. (80-90 сөз)
Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.Бұл орайда жерлес ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы -түрлі заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Ұлттық пакртер, қорықтар санын молайту. Әрі «Қызыл кітапқа» енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, а үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. А Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Домбыра қазақ халқының төл аспабы. Домбыраның үні халықтың байырдан келе жатқан халін сипаттайды. Оның күмбірлеген дауысы әр адамның жүрегін елжеретпей қоймайды.
Домбыра қазақ халқы үшін ең маңызды аспап, әрі қазақ дегенде ең алғаш еске түсетін халықтың символы. “Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ—домбыра” деп дана халық бекер айтпаса керек. Себебі домбыра, қазақ халқының бары мен нары, жүрегі, мақтанышы және көне тарихы.

Асты сызылған сөздердің синонимі:
1. Кие дарыған—қасиетті, құдыретті;
2. Сыры мен қыры мол— жұмбақ;
3. Таңданысын тудырып жатыр— таңғалдыруда.
4. Табиғатқа өте жақын— табиғатқа етене жақын.
5. Жұмбағы көп— сыры бітпеген, сыры көп;
6. Айна қатесіз бере алатын— бұлжытпай салатын;
7. Қастерлеп—аялап.
Домбыра—қазақ мақтанышы.