«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін – 2050», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.
2015 жылдан бастап Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті осы жобаны жүзеге асыруға қатысатын жоғары оқу орнының бірі ретінде бекітілді. Университетке 2015 жылы «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша оқытуға 450 грант бөлінді.
Бағдарлама мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сапалы білім алу үшін өз студенттеріне барлық жағдайды жасаған . Жоғары оқу орнында әскери кафедра, қоры 5 миллионға жуық кітаптар мен электрондық оқулықтардан тұратын заманауи кітапхана, бірнеше спорт залдары, ғылыми зертханалар, тұрмысқа қолайлы студенттер үйі, Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан «Простор» спорт-демалыс лагері бар.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін таңдасаң, қателеспейсің. Ол – жарқын болашағыңа сенімді жолдама!
Стильдік ерекшеліктері қандай?
Объяснение:
Вот это так ведь выглядит размерность шин на этаж на кита кита Кита китули Три Кита