«Ұшқан ұядан» алынған мына үзінді идеясын қолдана отырып, қайта өңдеп жазыңыз. Креативті жұмыс ұсыныңыз. Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да — бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді.
Ол-ол ма, анау асқар таулар, етектегі еңісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау — бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби кезіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны — күмбез, желі — жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, кәне.
Кітапханадан кітап алу ережесін құрау.
Ұнатқан кітабыңды кітапханадан алып оқыған кезде төмендегі ережелерді есте сақта:
Кітапты берілген мерзімінен кешіктірмеуге тырыс. Оқып біте алмасаң, алдын – ала кітапханашы апайға айтып, кітапты қолдану уақытын создыруды ұмытпа.
Бұл кітапты тағы басқа да оқушылар оқитындықтан, ұқыпты қара. Кітап беттерін жыртпай, бүктемей, ішіне ешқандай сурет немесе белгілер салмай алған қалпыңда қайтар.
Егер сәл жыртылған жерін байқасаң, қолыңнан келсе, желімдей сал. Немесе кітапханашы апайға ескертіп қой.
менеджер сөзі; Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.
Менеджер-ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл-басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.
Нарықтық сөзі : бұл өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық – экономикалық қатынастар жүйесі.Нарық дегеніміз — тауарды (қызметті) сатып алу болмаса сату мақсатында сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас орнығатын кеңістік. Онда ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеті жеке тауар, жергілікті тауар, ұлттық тауар, аймақтық тауар және дүниежүзілік тауар деңгейінде зерттеледі.
Объяснение: