В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
yaksyta
yaksyta
30.11.2020 21:18 •  Қазақ тiлi

Үш қиян өлеңдегі көріктеу құралдарын тауып жазу қазақ әдебиеті 53-бет 7-тапсырма

Показать ответ
Ответ:
Davidkontrasity
Davidkontrasity
21.05.2023 20:23

Ұстаз - ұлы есім» - дейді Мұхтар Әуезов. Иә, расында да, «ұстаз» деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар, бәрі де бар: білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен мейірбандық, талапшылдық пен турашылдық... Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам – ұлы ұстазымыз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, ең сүйіктісіне айналатын, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын ұстазы болады. Менің де сүйікті ұстазым бар. Ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбеті, бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, ұстазымды ең алғаш рет көріп-білгеннен бастап, ол кісіге деген құрметім, сабаққа деген зейінім артты.

Мен төрт мезгілдің ішінде тек жаз мезгілін қатты жақсы көретін едім. Күз келгенде, жарқырағанның бәрі қуаратындай, жайнағанның бәрі тұманданатындай болып көрінетін. Ал, биылғы күз менің өмірімде айтарлықтай керемет орын алды. Бұл күз мен пір тұтатын бір кісімен қауыштырды. Алғаш «Дарын» мектебіне ауысарда, қабылданғанымда кішкене қорқақтап, қобалжығаным рас. Алайда сынып жетекшіммен алғаш танысу сәтінен бастап, қорқынышым су сепкендей басылды. Керісінше, ол кісінің мейірімге толы жүзі мен мәдениеті мені айрықша баурап алды десем, артық айтқаным емес. Анам қандай қадірлі болса, ұстазым да мен үшін қымбат жанға айналды.

Қазақ әдебиеті сабағы болып жатқан. Үй тапсырмасы бойынша мәнерлеп өлең оқып болғаным сол еді, ұстаз маған бұрылып, өлеңді түсініп жатқа оқығанымды, мәнерімнің өте жақсы екенін, сабақты ылғи бұлжытпай орындайтынымды айтып мақтап ала жөнелді. Кеудемді ерекше қуаныш сезімі билеп, сыныптастарымның арасында өзімді еркін сезіне бастадым. Сол сезім бөлмеме келген соң, өлең жолдарыма айналды.

Қоятұғын бағалап әр «бесіңмен»,

Ажарлы ұстаз, кетпейсің мәңгі есімнен.

Мен сен үшін бір түйір дәндей болсам,

Ал, сен маған диқансың дәнді өсірген.

Қазбалаймын оқудың кенін әр таң,

Өзің берген білімге сенім артам.

Өлең оқып, жыр жазып жүргенім бұл,

Ардақты ұстаз, білемін сенің арқаң!

Содан бері әрбір сабаққа ерекше дайындаламын. Әсіресе, әдебиет пәні қатты ұнайды. Ұстазым мені тек мақтағаны үшін емес, бойымдағы сенімсіздігім мен қорқынышымды сейілтерлік сөзі мені ынталандырып, шабыттандыра түсті.

Мен де келешекте дәл сіз секілді ұстаз болғым келеді, сүйікті ұстазым. Сізге деген ризашылық сезімімді өлеңмен өрнектегім келеді:

Бағалаған балауса жырымды ұғым,

Ойын айтқан қалдырмай сырын бүгіп.

Жып-жылы сөйлеген сөздерімен,

Жіберетін бойымды жылындырып.

Жайлы тиер құшаққа кеңесімен,

Биіктетіп ойымды мен өсірем.

Жақсылығы жасаған жетіп жатыр,

Кете қоймас, ол сірә, ел есінен.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
BMOPLAY23
BMOPLAY23
21.05.2023 20:23

Объяснение:

1) Оғызнаманың» түпнұсқасы, шамамен алғанда, IX-X ғасырларда жасалған болу керек. Бірақ олар біздің уақытымызға дейін сақталмаған. «Оғызнаманың» кейінірек шығарылған (немеее қайтадан жазылып алынған) екі түрлі нұсқасы бар. Бірі ұйғьгр алфавитімен, екіншісі араб әрпімен жазылған.   Оғыз  түрк  халықтарының аты аңызға айналып кеткен батыры, қол бастаушысы. Оғыз хан (немесе Оғыз қаған) – оғыз тайяалары мен руларының атасы. Бізге мәлім варианттардың бәрінде де Оғыздың өмірі мен әскери жорықтары, халық игілігі үшін сіңірген еңбектері мен қоғам кайраткері ретіндегі істері әңгімеленеді. Ұйғыр жазуымен берілген нұсқа 21 парақтан (42 беттен) 377 жолдан тұрады. Әр бетке 9 жолдан жазылған. Жазылған жері жөнінде Жетісу өңірін жайлаған ж дыбысымен сөйлейтін тайпалардың ортасы болу керек деген пікірлер де бар. «Оғызнаманың» транскрипцияланған тексі мен орысша аудармасын жасап, грамматикалық ерекшеліктерін сипаттап, түсініктемелерін жазған А.М.Щербак мұны XIII ғасырдың аяғы, XIV ғасырдың басында, Турпан аймағында, қарлұқ-ұйғыр тілінің ортаазиялық диалектісінде жазылған дейді (1959 ж.). Араб алфавитімен жазылған нұсқасының авторы – атақты Абулғазы бин Араб Мухаммедхан (1603-1664 жылы). Ол- Шыңғыс тұқымынан тараған, Шейбанидің (Жошының баласы) ұрпағы. Ол өзі – тарихта Хиуаның ханы, атақты әскери қолбасшы, әрі үлкен тарихшы ретінде мәлім болған.

2) Оғызнаманың» басты идеясы – бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күрес болып табылады. Елін, Отанын сүю, оны нығайту үшін жан аямау, халық бостандығы, бақыты үшін болған жорықтарды дәріптеу.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота