«Шәкірт ойы» өлеңі Қараңғы қазақ көгіне, Қыздырып күннің қарауы Өрмелеп шығып, күн болам! Надандық теңізі тартылар. Қараңғылықтың кегіне, Орны отайып көгерер, Күн болмағанда, кім болам? Қызығын жайлап ел көрер. Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін! Тұрмыс, тағдыр – бірі де Бұл мақсұттан бұра алмас. Еңбек, бейнет тарауы Қаһарман Рүстем, Әлі де Рақатқа сарқылар. Бұрам деп жолда тұра алмас. Сыланған жардың күлісі, Алдандырмас бір ісі. !? 1. С.Торайғыров қандай мәселені көтеріп отыр? 2. Өлең жолдарына негіз болып тұрған сөздерді табайық. 3. Өлең мазмұнын түсініп оқып, жаттап алайық.
"Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов, рейхстагқа Жеңіс туын тіккен батыр жауынгер Рақымжан Қошқарбаев пен Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовпен таныс болу бақыты бұйырды", - деп әңгімеледі ардагер Рафаил Аблаков.
АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Соғыс көп а қ шақпен ерте қоштасып, тез есеюге мәжбүр еткені белгілі. Рафаил Аблаков та жастайынан еңбекке араласқандардың бірі. Соғыс басталғанда Рафаил буыны бекіп, омыртқасы қатпаған кішкентай бала болса да, сұрапыл соғыстың бар қиындығын аға-әпкелері, ата-анасы, ауылдағы халықпен бірге көрді. Тыл еңбеккері сол уақытты ауыр күрсініп еске алады.

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.
Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.
Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.
Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.
Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?