Мемлекеттің ресми эмблемасы болып саналатын айырым белгісі. Иесінің тарихи дәстүрін білдіретін нышандық маңыздар беріліп, айшықтар мен заттарды өзара үйлестіру арқылы көрінеді. Елтаңба туларға, мөрлерге, монетаға, архитектуралық құрылыстарға, өнер туындыларына, қолжазбаларға, кітаптарға және т.б. бейнеленеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, көгілдір түс аясындағы шаңырақ, (киіз үйдің кұмбез тәрізді жоғарғы бөлігі) түрінде бейнеленген, одан жан-жаққа аңыздардағы жылқының қанатымен жиектелген күн сәулесі түріндегі уықтар (тіреуіштер) шаншылған. Елтаңбанын төменгі бөлігіне - «Қазақстан» деген жазу жазылған. Шаңырақ. - елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ өз нұсқасымен Ошақ, Әлемнің тұтастығын бейнелейді. Шаңырақ — мемлекеттің тірегі болып саналатын — Отбасының нышаны. Ұшқыр тұлпар өз бойына Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол — мәңгілік өмір үлгісі және біздің елтаңбамызда шексіз даму, рухани байлық және Қазақстанда бір шаңырақ астында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың әр түрлілігін бейнелеп тұрады. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол көрсетіп отыратын өз жұлдызы бар. Мұндай жұлдыз мемлекетте де болуы керек.[1]
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін.