Егер адамның жүрегі ұлты үшін соғып, мəңгі бірге болып қорғаймын десе бұл білімнен емес мінезден. Еріншек пен езге, жалпы еңбек етіп нан таппайтын адамға бəйге де, сыбаға да, мүше де бұйырмайды. Адам ел тұрмысын, тілін, мінезін білмесе онда одан еш пайда жоқ. Ол көш басын алып жүре алмайды. Жұрт, ел əділ, жақсы мінезді болмаса онда жұрт ісі оңға баспайды. Ондай жұрттың ісі өтірікпен ғана жүреді. Бəрі құрдымға кетіп отырады. Заң адамды қорғау, бұзақылардан қорғану мақсатында жазылады, ал адам заң үшін тумайды. Көзі көрмейтін, соқыр адам көзі керемет көретін адамнан бірақ көзі көретін болғанымен көңілі соқыр адамнан мың есе артық. Себебі, көзі соқыр адам көкірегі ояу адам,ал көзі көретін адам оның көкірегі соқыр.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.