Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буындеп аталады.Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, соншабуын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбысекі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буынбітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
51 «Атамекен» сөзінің синонимі қандай?
А) атақоныс
Синоним: Мекен - қоныс
52 Диалог дегеніміз...
A) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
53 Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен
ашылғанын табыңыз.
B) «Кел, балалар, оқылық!»
54 Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Ғылым таппай мақтанба».
55 «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын
көрсетіңіз.
C) Ы.Алтынсарин.
56 "Мен Қазақпын" поэмасының авторы.
C) Ж.Молдағалиев .
57 Ақын Жұбан Молдағалиевтің туған жері
А. БҚО, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылы.
58 Жұбан Молдағалиевтің неше жылдық мерейтойы аталып өтуде
D)100.
59 «Жағаңда тұрмын, Жайығым» өлеңінің авторы
А. Жұбан Молдағалиев.
60 М. Мақатаевтың өзі туралы жазған өлеңі
А. Менің анкетам.
61 «Көшпенділер» трилогиясының авторы
Д. І.Есенберлин.
62 «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдемі.
63 Буын түрін анықтаңыз.
A) Тұйық.
64 — дар, — дер, — тар, — тер, — лар, — лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Көптік.
65 Қазақ тілінде неше сөз табы бар.
D) 9.
66 Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 9 мамыр ...
А) Жеңіс күні.
67 Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.
Е) Тоғызқұмалақ.
68 «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
D) Батыр.
69 Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Кінәлі, айыпты.
70 Антоним сөздерді табыңыз:
А) Биік, аласа.
71 Баяндауышты табыңыз:
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Ұшып кетеді.
72 Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз.
А) Киіз үй.
73 Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
Е) Заттың реттік санын білдіреді.
74 «Бала» сезіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.
А) - лық
75 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.
A) Қашанға дейін?