В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
NiKoN044
NiKoN044
07.03.2023 09:59 •  Қазақ тiлi

"шашты" әңгімесіндегі көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға бер​

Показать ответ
Ответ:
vakhtinanelli
vakhtinanelli
17.02.2021 14:51

Шашты әңгімесіндегі дана қарт пен Кенжебек бейнесі.

Жаугершілік заманда шапқыншылар өзге елді тұтқиылдан шауып, жылқыларды барымталап тұтқын ретінде үлбіреп тұрған сұлу қыздары мен батыр ерлерін еріксіз алып кететін. Ұлы даланың қатаң ережелері тұтқынға түскен бойжеткендерді күң етсе, ер азаматтарын құл қылатын. Алайда туған елге деген сағыныш еріксіз тұтқынды да тәуекелге бел буып, қашуға итермелейді екен. Алғаш рет “Шашты” әңгімесін оқығанымда, мен осындай тұрғыдағы сезімдерді бастан кешкен едім. Әңгімеде көтерілген мәселелер: ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі Айгүл Кемелбаеваның өзге де туындылары секілді аса аяныш, үрей, қобалжу сезімдерін туғызады. Аталған автордың шығармашылығының өзіне тән ерекшелігі, асыра сілтеу секілді әдеби құралдары жиі қолданыла бермейді. Оның туындыларында тек қана шындық, бүкпесіз айтылады. Солардың бірі “Шашты” әңгімесі. Әңгіменің бас кейіпкері қарапайым жылқышының бейнесінің негізінде бұқара халықтың күйін автор шебер жеткізеді. Сонда да неліктен әңгіменің басты мәселелерінің біріне ер адамдардың ар-намысын жатқызып отырмыз.?-, деген сұрақ туындайды. Тұтқынға түсу-көшпелі рулар үшін қарғыс таңбалы, көк соқққанмен тең. Жат жарылқамайды. Міне сондықтан, еркек баланы өлсе де аямайды. Тіпті әңгіменің бас кейіпкерлерінің біріКенжебекті де жау қолының оншалықты аямағандығын да байқап қаламыз. Кенжебек секілді талай адамдарды құл ретінде жұмсап, отбасын құруға да мүмкіндік бермейтін. Тек қара жұмысқа салып, қашқындар жазадан көз ашпайтын. Өз еркінен тыс тұтқынға түскен адамдардың өмірін, тағдырын ойыншық еткен жау қолындағы құл тірі адамның емес, тірі өліктің күйін кешкендей өмір сүрді. Қаншама адамның өмірі “Шашты” әңгімесіндегі дана қарттың балаға айтқан шерінен, жүрегіндегі терең жарасынан көрініс табады. Өзге елге құл болғасын, қанша еркекпін деп намыстанса да, жау үшін олардың құны тышқақ лақ ғұрлы жоқ.” Шашты” әңгімесі тек сол замандағы жау қолына түскен халықтың күйін ғана емес, қасиетті жылқы малын бағудың қыр-сырын да атап көрсетеді. Сіз қазақ халқының қатардағы тұлпарды, жүйрік сәйгүлікке айналдыратын көреген халық екендігіне көз жеткізе аласыз. Алайда мені ойландыратыны жылқы малын бағудың біз білмейтін қандай ерекшелігі болуы мүмкін? Біріншіден, әңгіме барысындажылқышы тұлпарға түйе сүтін ішкізіп бағады. Соның нәтижесінде сәйгүлік қайратты әрі жүйрік бола түседі. Екіншіден, жылқышы жылқыны өзеннің мөлдір суында жуындырмай, құмда аунатады, бұл әлдеқайда тиімдірек. Үшіншіден, әр тұлпардың өзінің кемшілігі бар болғандықтан, қанша жүйрік десекте, оның да әлі құратын кез болады. Сондықтан, әсіресе шөл далада жылқы үлкен күтімді қажет етеді. Кенжебектің қу далада аштан қатып, шөлден қысылып жатқанына қарамастан, азығын бірінші сәйгүлікке беріп жатады. Жылқы атасы Қамбар атаның рухына сыйынып, дұға тілеп отырады. Көпті көрген дана қарттың кеңесімен аспандағы Темірқазықты бағыт-бағдар көрсетуші көмекші құрал ретінде қабылдайды. Өзін жын-шайтандардан қорғау мақсатында арқанды шеңбер күйде жасап өзін де, тұлпарын да тылсым күштерден қорғап қалады. Осыдан екннғой атам қазақ:”Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене бір жанға айналып кетеді. Қашса-құтылады, қуса-жетеді,-дегені осыдан екен. Әңгімеден тағы бір байқайтынымыз қарттың көрегендігі мен баланың өжеттігі жайлы жиі айтылады. Ендеше қарттың көреген дана екендігі, ал баланың айтқанынан қайтпас қайсар екендігін не дәлелдейді? Қарт даналығы баланың бойындағы өжеттік, қайсарлық іспеттес қасиеттерді көре білгенінде. Баланың қазақ екендігін тани сала, оған бас салып, қашуды ұсынған жоқ. Алғашқы он екі айда жылқы малын бақтырып, жүйріктің барлық қыр-сырын үйретеді. Ал бәйгенің ұйымдастырылуы қажетті сәтті туғызып, қашуға қолайлы жағдай пайда болады. Дегенмен, бала әлі жас бүлдіршін болғандықтан, біраз күдіктеніп, өз-өзіне сенімсіз бола бастайды. Шал да бұның қисынын тауып, оны ойынан айныту үшін шындықты айтуға мәжбүр болады. Баланың бойына сенім біткесін, бойындағы ерлік қасиеті бәйгеде анық көрініс табады. Тіпті шөл далада қысталаң күйді кешсе де, ол еш мойымайды. Бұл баланың мінезділігін көрсетеді. “Шашты” әңгімесінде жылқышы үшін де, Кенжебек үшін де жыт еткен сәуле қай уақытта жағылады? Бәйге ұйымдастырылмақ болғанда жылқышы анасынан жаңа туған сәбидей қуана жөнеледі. Ол үшін үміт пайда болады. Кенжебекті елге қайтару үміті. Қанша жылдық кегін қайтару үміті. Кенжебек үшін де бұл үлкен мүмкіндік болатын. Басында сенімсіз болғанымен, бойындағы жігерліктің шалдың оятуы нәтижесінде жылқышы қарттың да, өзінің де үмітін ақтай білді. Менің ойымша жылқышы қарт пен баланың кездесуі кездейсоқ жайт емес. Екі заман адамдары басындағы тағдырдың қиыншылықтары мен ортақ қайғымен бір-бірін тапқан жандар. Біреуі баланың бойындағы арманда кеткен жастықты көретін. Әрі өміріндегі ең үлкен қателігін қайталамау үшін барын салатын. Бала болып жатқан жайттардан не ұғынсын, өзінің қандай күйге түсетінін қайдан білсін.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота