Шешені, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің 37. Мәтінді оқы.
қазақ халқының атақты
Төле би
деп
төбе биі. Төле би оқыған, сауатты, жас-
тайынан халқының ақындық-шешендік
өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасында
билікке араласып, әділдігімен, шешен-
дігімен елге танылады. Төле би Орта
жүздің биі Қазыбек бимен, Кіші жүздің
биі Әйтекемен бірге әз Тәукенің бас-
ты кеңесшісі болды. Оның атымен байланысты толып
жатқан нақыл, мәтел сөздер халық арасына кең тараған.
Тойшыбек Иінцлы
• Төле бидің кім екенін айт.
• Ол билікке неше жасынан бастап араласты?
• Төле би кімнің кеңесшісі болды?
• Төле бидің қандай нақыл сөздерін білесің?
• Төле би хан болды ма?
• Мәтіннен тірек сөздерді тауып көр.
ан
38. Батаны жатқа жаз.
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Төле би
• Батадағы әр сөйлемнің мағынасын топта талқыла.
• Қарамен жазылған сөздердің мағынасын сөздік арқылы
аныкта.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар