Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Қаланың қарбаласы түсінікті... Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармен жүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апыл-ғұпыл киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз образында. Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады. Билетке қарап сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп, көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз? Естімегеніңіз қаламады ғой, иә?! Оларды түсінуге болады, сахна тынысымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр. Кінә сізден!
Кез келген ортаның өз бағынатын заңы не мәдениеті болады. Театр – нағыз өнердің ордасы. Ал мұндай киелі де, рухани ордада мәдениет сақтамау – әбестік. Сонымен, сіз сақтауға тиіс 10 қағида:
Егер әлеуметтік жағдайыңыз көтерсе, өнер иелеріне гүл сыйлаңыз
Сыртқы ортада болған жағдайлардан туындағын түрлі эмоцияларды мұнда көрсетудің қажеті жоқ

Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз
Билетте көрсетілген орынға отырыңыз