Шығарманың фабуласы: екі бай: Әлемді 80 күнде шарлап шығуға бола ма? - деп үлкен ақшаға бәстеседі.Біреуі әлемді шарлап келеді. Бәс шешіледі. Бар болғаны - осы. Бірақ әлемді шарлау туралы әңгіме несімен қызық? Оны сол шығарманы оқыған адам ғана сезінеді. Шығармадағы "Филеас Фогг - Лондондағы ауқатты адамдардың бірі еді. Ол - қаладағы "Реформ-клубтың" мүшесі. Фогг - өз ортасында сыйлы адам. Ол - кез келген істі уақытында бітіргенді ұнататын, тиянақты, ұқыпты, уәдесінде тұратын, сенімді адам. Бірде Филеас Фогг Паспарту деген жігітті жұмысқа алады. Бірде Фогг пен Паспарту "Реформ-клубқа" келеді. "Реформ-клуб" - ағылшын буржуазиялық қоғамындағы өнегелі, көргенді, тәрбиелі адамдар бас қосатын клуб. Олар клубқа келгенде, дәулетті мырзалар "Әлемді 80 күнде шарлап шығуға бола ма?" деп, дауласып жатыр екен. Клуб мүшесі - Стюарт мырза оның мүмкін еместігін айтып өзеурейді. Ал Фогг мырза 80 күнде әлемді шарлап шығу әбден мүмкін екенін айтады. Сөйтіп, Стюарт пен Фогг миллион фунт стерлингке бәстеседі. составить план текста мне
Жоспар:
1.Фогг пен Стюарт арасындағы бәстесу.
2.Фогг пен Паспартудың сапарға шығуы.
3.Жолсапардағы қиындықтар
4.Ізкесуші Фиктің келтірген кедергілері.
5.Уақыттан 1 күн бұрын жолсапардан оралуы.
6. Фоггтың жеңісі.