Ұлы абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.бұл күнде абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына қ пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді».(ж.ысмағұлов.) өнер-білім жолындағы ізденісін абай өз бетімен үйрену арқылы ,орысша кітаптарды көп оқиды.80-жылдардың орта кезінен бастап,абай ақындық жолға біржола бет бұрды.бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы көкпай атынан таратып жүрген абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.осы жылдардан бастап абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген. «дүние де өзі,мал да өзі».абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.оның 1885 жылы жазған «жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.өз қателігін оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.сонымен қатар ол «қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды.жасымжа ғылым бар деп ескермедім,пайдасын көре тұра тексермедім.ер жеткен соң түспеді уысыма,қолымды мезгілінен кеш сермедім. медресеге біл деп бердім,қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. шығарма абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.1886 жылы абай «ғылым таппай мақтанба», «интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.бүкіл өлең бойына абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.ғылым таппай мақтанба! орын таппай баптанба! құмарланып шаттанба! ойнап босқа күлуге,-дейді ол.сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.ғылым жолы-әділдік жолы.оны ұстаған ескі жолмен жүре алмайды.
Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр.Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.