«Қамқорлық» дегеніміз адам бойындағы мейірім – шапағаттан туратын ізгілік.Қиналған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, олардың жағдайын жасап, көмектесу жанашырлық көрсету жылы жүректіліктілікті білдіреді.Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық, қамқорлық болып табылады.
Жалпы, қазақ халқы бала тәрбиесінде де қамқорлыққа аса назар аударып, бүлдіршіндерді кішкене күндерінен бастап «бір – бірлеріңе қамқор болыңдар» деп айтып, құлақтарына құйып отырады. Бұл дегеніміз, тек қарт немесе науқас адамдарға ғана жылыжүректілік таныту емес, барлық адамдарға, сонымен қатар жан – жануарларға, тіпті табиғатқа да қамқор болу деген сөз.
Мысалы, оқушы балалар жас ерекшеліктеріне қарай, қыстыгүні құстарға ұя салып, жем шашып қамқорлық таныта алады. Ал сәл ересек оқушылар, кіші іні – қарындастарына қарайлап, ағалық/апалық қамқорлығын таныта алады. Ал барлығымыз қосылып Жер – анамызды аяласақ, бұл нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім. Сондықтан қолымыздан келгенше қамқорлық танытып, бойымызға ізгілік нұрын жинайық.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Мақал мәтелдер:
1)Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы. 2) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 3) Ел іші — алтын бесік. 4) Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы. 5) Ер — елінде, гүл —жерінде.
Қамқорлық туралы.
«Қамқорлық» дегеніміз адам бойындағы мейірім – шапағаттан туратын ізгілік.Қиналған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, олардың жағдайын жасап, көмектесу жанашырлық көрсету жылы жүректіліктілікті білдіреді.Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық, қамқорлық болып табылады.
Жалпы, қазақ халқы бала тәрбиесінде де қамқорлыққа аса назар аударып, бүлдіршіндерді кішкене күндерінен бастап «бір – бірлеріңе қамқор болыңдар» деп айтып, құлақтарына құйып отырады. Бұл дегеніміз, тек қарт немесе науқас адамдарға ғана жылыжүректілік таныту емес, барлық адамдарға, сонымен қатар жан – жануарларға, тіпті табиғатқа да қамқор болу деген сөз.
Мысалы, оқушы балалар жас ерекшеліктеріне қарай, қыстыгүні құстарға ұя салып, жем шашып қамқорлық таныта алады. Ал сәл ересек оқушылар, кіші іні – қарындастарына қарайлап, ағалық/апалық қамқорлығын таныта алады. Ал барлығымыз қосылып Жер – анамызды аяласақ, бұл нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім. Сондықтан қолымыздан келгенше қамқорлық танытып, бойымызға ізгілік нұрын жинайық.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Мақал мәтелдер:
1)Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
2) Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
3) Ел іші — алтын бесік.
4)
Ел-елдің бәрі жақсы,
өз елің бәрінен де жақсы.
5) Ер — елінде, гүл —жерінде.