Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті.
Астана экономикасы уақыт өткен сайын қарқынды дамып келеді. Соның ішінде құрылыс пен сауда-саттықта, қызмет көрсету салаларында оң өзгерістер бар. 1998 жылы жалпы өңірлік өнім 60 млрд теңгені құраса, 2016 жылы ол 4 трлн. 8 млрд теңге болды.
Елордаға салынған инвестиция қаланың өсіп өркендеуіне үлес қосып отыр. Мәселен, 20 жыл бұрын 25 млрд теңге қаржы құйылса, көрсеткіш былтыр бір триллион теңгеге жетті. Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің пікірінше, Астанадағы тұрақты бизнес климатты кәсіпкерлер жоғары бағалайды
Елімізде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны да артып келеді. Қазірдің өзінде Астанада тіркелген кәсіпорындар саны 100 мыңнан асады. Жалпы елорданың экономикалық әлеуеті артып келеді. 2017 жылдың бірінші жартысында олар өндірісті 55 пайыздан асырды. Тиісінше соңғы 20 жыл ішінде мемлекеттік қорға түсетін табыс 80 есеге, жалпы өңірлік өнім 190 есеге артты. Ал осыдан екі жыл бұрын Астана алғаш рет 900 миллиард теңге мемлекеттік қазынаға ақша аударып, бюджет донорына айналды.
Тәуелсіздіктің төл жемісі – Астана қаласы өзінің тарихында Қазақстан экономи¬касының даму локомотивіне айналды.
Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқаатырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында (Мұғалжарда), солтүстік-шығысында (Алтай, Сауыр және Тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тянь-Шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (Қаратау өңірінде) болды. Қазақстанныңәр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. Мысалы, Жетісу өлкесінде қыстау Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. Қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. Мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – балталы руларының Маңғыстау түбегінен Мұғалжар тауларына, ҚызылқұмнанТорғай даласына, Шу өзенінің төмен алабынан Ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. Ал Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. Бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. Жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. Қазақстан жеріндегі жайлаулардың адамға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. Солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады.[1]
Астана – экономикасы шарықтаған қала.