синатксистік талдау жасау керек!.
Табиғи апаттардың ішінде су тасқыны өте қауіпті апаттардың бірі. Су апаты болған кезде қалалар мен елдімекендер едәуір материалдық шығынға ұшырайды. Кейде қатты су тасқындары елдімекендерді жер бетінен түгелімен шайып кетуі мүмкін. Адам шығыны болуы ықтимал. Су тасқынын алдын алу үшін, Төтенше жағдайлар министрлігі апаттың алдын алу және оны жою үшін, штаб құрады. Бұндай жұмысқа арнайы мамандандырылған қызметкерлер жұмылдырылады. Атап айтатын болсақ: судан құтқарушылар, арнайы дайындықтан өткен сүңгуірлер, сейсмолог-құтқарушы мамандар, Казгидромет, Казсейсмология орталығы, Казсутасқынынан қорғау, әскери-авиация тікұшақ, жергілікті әкімшілік, Азаматтық қорғаныс қызметкерлері.