В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Надюшка2000
Надюшка2000
08.11.2021 05:12 •  Қазақ тiлi

Синоним.Антоним. 1-тапсырма. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуынан тыңдаңдар. Мұғалім нің дауыс сазына көңіл бөліңдер.

Бір-бірімізді көргенде, амандасамыз, амандық-саулық сұрасамыз немесе бір-бірімізді құттықтап жатамыз. Сәлемдесудің тілімізде сан алуан түрлері бар. Тіл жұмсау дағдысында «Сәлеметсіз бе?», «Аман-есенсіз бе?», «Армысыз?», «Сәлем бердік!», «Ассалаумағалейкүм!», «Кеш жарық», т.б. сөздер жиі қолданылады. Амандық сұрасу – тұрмыста жиі айтылатын, құлаққа жиі естілетін сөздеріміз. Бірақ бұлардағы мағыналық, стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдануды қажет етеді. Мысалы, «Сәлеметсіз бе?» деп амандасу үлкен-кішіге, таныс-бейтанысқа, ресми жағдайда да, еркін жағдайда да қолдана беретінін байқасақ, ал «Ассалаумағалейкүм!» деп амандасуды ауылдағы кей жасы үлкен ақсақалдар ұнатып тұрады. Әжелер мен апаларға бұлай амандасу қолайсыз жағдайға душар қылады. Немесе мектеп шәкірті ұстазымен «Сәлеметсіз бе?» деп сыпайы сәлемдеседі. Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуға жататын этикет (әдеп) сөздерде мағына, стильдік өзгешеліктермен қоса әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің үлкендерге «Сәлем бердік!» деп қолын ербеңдетуі не жүрдім-бардым амандасуы әдепсіздікке жатады. (Рабиға Сыздық) сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Мұғалімнің оқу мәнерінен қандай маңызды сөйленістерді есте ұстадыңдар?

2. Автор сұхбаттасу мәдениетіне қатысты қандай мәселелерді өздеріңмен бөлісіп отыр?

● Мәтіндегі синоним сөздерді тауып, мағынасын сөйлеу жағдаятына қарай түсіндіріңдер.

● Мәтіндегі антоним сөздерді тауып, мағынасына және тұлғасына қарай талдаңдар

Дискриптор:

-Синоним,антоним сөздерді ажырата алады;

3-тапсырма. Мына амандасу сөздерін қатыстырып, диалог құраңдар.

1. Ассалаумағалайкүм – Уағалайкүмассалам! 2. Саламалейкүм – Әликсалам! 3. Сәлеметсіз бе? Сәлеметсің бе? Сәлемет пе? 4. Аман сың ба? Амансыз ба? Армысыз? Ар ма? 5. Ат-көлік аман ба? 6. Ел-жұртың, ауыл-аймағың аман-есен бе? 7. Мал-жан аман ба? 8. Қайырлы таң! 9. Кеш жарық! 10. Жайлы жатып, жақсы тұрдыңыз ба?

Показать ответ
Ответ:
Ihor23548
Ihor23548
26.03.2022 13:02

Илья Муромец – известный герой русских былин. Он защищал родную землю от недугов. Важным подвигом Ильи Муромца является и участие в битве с целым татарским войском. Татар возглавлял Калин-царь. Он подступил с татарами под стены Киева. Однако Илья Муромец смело оборонял родную землю. Но он попал в ловушку и оказался в плену у недруга. Однако Илье Муромцу удалось вырваться на свободу. Вместе с остальными богатырями он выступил против татарского войска. И отступили враги, а царь Калин попал в плен.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ooo29
ooo29
19.08.2021 20:26
Бiлiмдi мыңды жығар…



Құран Кәрiмде «Бiлетiндер мен бiлмейтiндер тең бола алады ма?», –  деген аят бар. Расында «бiлектi бiрдi жығады, бiлiмдi мыңды жығады» дегендей бiлiмдiнiң ала алмайтын қамалы, аса алмайтын асуы болмас. Ислам дiнiндей бiлiм мен ғылымға көңiл бөлген ешбiр дiн жоқ. Алла тағала ардақты пайғамбарына (с.ғ.с.) алғаш уахи еткен аяты бiлiм жөнiнде. Бiлiмге үндеген аят едi. Бiлiм дiндарлық, тақуалық, шүкiршiлiк секiлдi жақсылықтардың бастауы болғандықтан, ең әуелгi иләһи пәрмен де бiлiм жайлы болды.
Жаратқан Алла соңғы елшiсiне тiкелей және күллi адамзатқа жалпылай:
«Алла тағалаға құлшылық жаса, намаз оқы» деп аят түсiрген жоқ. «Оқы, сенi жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы, сенiң Раббың ең ұлық. Ол – қаламмен үйреттi. А бiлмейтiн дүниесiн үйреттi, – деп түсiрдi.
Алла тағаланы тану, дұрыс құлшылық ету және жәннатқа апарар сара жол тек қана бiлiмде жатыр. Ахмет Иүгiнеки бабамыз:
Өтедi абыроймен бiлiмдi жан,
Ал, надан бейне өлiк, жүрсе де аман.
Бiлiмдi бiр тең келер мың кiсiге,
Бiлiмге сай пайдалы өзге не бар?
Бiлiммен ғалым өсiп, көкке жетер,
Адамды наданшылық төмен етер.
Бiлiм ал, Жаратқанның соңғы елшiсi
«Бiлiм қайда болса да iзде», – дептi.
Бiлiктi керек сөздi бiлiп айтар,
Қажетсiз, бос сөздерден бойын тартар.
Бiлiммен танылады бiр Аллаһ та,
Ешбiр пайда, қайыр жоқ надандықта.
Шын бiлiмi болмаған қанша халық,
Табынар құдай жасап қолдан пұтқа, – деп өз өлеңiнде бiлiм және надандық жайлы Құран және пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сөзiнде айтылған даналықтарды қазақилап қысқа да нұсқа етiп түсiндiрген.
Ия, бiлiм – шырақ. Надандықтың қараңғылығын сейiлтiп, а ң жолын жарық ететiн бұл – бiлiм. Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестiретiн нәрсе – бiлiм. Адамшылықты тез жүргiзу үшiн көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек», – деген. Шындығында, адамның және жалпы ұлттың қадiрi оның бiлiмiмен өлшенедi. Халықтың жерi қаншалықты бай болса да, оны игеретiн ғалымы, бiлiмдi азаматы болмаса одан не пайда?! Ол байлық халыққа несiбе бола ма? Халықтың игiлiгiне жұмсала ма?
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте «… Кiмде-кiм бiлiм iздеп жолға шықса, Алла тағала оның жәннатқа барар жолын жеңiл етедi…», – деген. Мiне, шынайы Алла тағала ризашылығы үшiн болған бiлiмге берiлетiн сый жәннат.
Әз-пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бiлiм жайлы бiр сөзiнде «… Расында, ғалымдар – пайғамбарлар мұрагерлерi. Шын мәнiнде, пайғамбарлар динарды да дирһамды да (яғни, алтынды да, күмiстi де) мұраға қалдырмайды. Олар  бiлiмдi мұралыққа қалдырады. Кiмде-кiм оны (бiлiмдi) алса, мол олжа алғаны…», – деген екен.
Пайғамбардың мұрагерi болу қандай бақыт десеңiзшi! Бұл мұраны алу үшiн ол кiсiнiң (с.ғ.с.) отбасынан болу шарт емес. Басты шарт – Алла тағала ризашылығы үшiн деген ниетпен сол iлiмдi үйрену. Пайғамбарға (с.ғ.с.) мұрагер болу барлығына теңдей берiлген мүмкiндiк.
Ибн Масуд (р.а.) баян еткен хадисте «Тек екi түрлi адамға қызығуға болады, бiрi: Алла тағала мал-дүние берген кiсiге. Ол – дүниесiн дұрыс жолда (жақсылық, қайырымдылық және Алла тағала риза болатын жолда) жұмсайды. Екiншiсi: Алла тағала – даналық (бiлiм) берген адам. Ол – бiлiмiне амал етедi және адамдарға да үйретедi», – деген екен.
Пенде болған соң әр нәрсеге қызығып, қызғана қарай беремiз. Алайда, шынайы қызығуға тұрарлық дүние тек осы екi зат қана. Iзгiлiкке жұмсалған дүние және пайдалы iлiм.
Дiн iлiмi болсын және дүниелiк iлiм болсын аса жауапкершiлiкпен қарау қажет. Дiни iлiмге келер болса, Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте «Кiмде-кiмге бiлiмсiз (тарапынан) пәтуа айтылған болса, оның күнәсi пәтуа айтқанға болмақ. Ал, кiмде-кiм өз бауырына тура жол басқа екенiн бiле тұра басқа (бағыт-бағдар) берсе, ол қиянат еткенi», – деген екен.
Расында, қазiргi таңда бағзы жастар сондай арам пиғылды адамдардың құрған тұзағына түсiп қалып жатыр. Дiн деген осы екен ғой деп шынайы мұсылманшылық құндылықтардан алыстап кетiп бара жатқандары тағы бар. Дiн iлiмiн мiндеттi түрде мешiт қабырғасынан үйрену керек. Хәкiм Абай атамыз:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық бiлуге.
Артық ғылым кiтапта,
Ерiнбей оқып көруге, – дегендей мешiтте бос сөзден гөрi нақты дәлел-дәйекке сүйенген кiтаптар негiзiнде сiздi толғандырған сауалдар мен мәселеге жауап берiледi. Осы арада тағы бiр хадистi айта кетейiк, Ибн Омар (р.а.) жеткiзген: «Кiмде-кiм Алла тағала  ризашылығынан басқа үшiн iлiм үйренсе немесе сол бiлiммен Алла тағаладан басқаны ниет етсе, өзiне тозақтан орын әзiрлей берсiн», – деген.
Термизи және Ибн Мажаһ кiтаптарында Каъб бин Маликтен (р.а.) мынадай риуаят жеткен: «Кiмде-кiм ғалымдармен тартысу үшiн, ақымақтарды жеңу үшiн немесе өзiне адамдардың назарын аудару үшiн iлiм үйренсе, оны Алла тағала тозаққа кiргiзедi», – деген.
Бiлiм жайлы көпшiлiк мұсылман қауым бiлетiн мына хадиске назар аударайық, Алла елшiсi (с.ғ.с.): «Бiлiм алу әрбiр мұсылманға парыз», – деген.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота