Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр.
Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті.
Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс