синтаксический разбор предложения на казахском языке ,1.Төлеген Айбергенов елінің барша адамын тең көрді. 2.Олармен сырласуды бақыт санады. 3.Өзінің ақырғы демі біткенше олармен бірге болуды қалады. 4.Өйткені солардың ортасында жүргенде тынысы кеңиетінін айтады. 5.Оларға өзінің шексіз махаббатын бағыштайды.
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Ұрысқа бас қолбасшы болып Бөгенбай батыр сайланды. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін Қазыбек батыр, Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қаракерей Қабанбай Шақшақ Жәнібек, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Шайқастың ең басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ қолдарының рухын көтерген.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
- Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.
- Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ?
- Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді.
- Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. ?
- Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады.
- Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді?
- Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.