Синтаксистік талдау Өзімді ешқашан сүйкімді деп санаған емеспін. Бір күні сөз байласқан жігітім екеуміз сөйлескен соң ол телефон тұтқасын дұрыс қоймай қалды. Ар жағынан бөлмелес досына мен туралы айтып жатты. Бүгін қандай сұлу болғанымды, мен қасында жүргенде жаны жадырайтынын жеткізді. Мені қатты сүйетінін мойындап жатты. Естіп алып, есімнен танып, бақырып жыладым. Өмірімде бірінші рет өзімді сұлу сезіндім.
Екеуі бетпе-бет келгенде ашылып сөйлесе алмады.
Кезек-кезек келген қонақтарды қарсы алдық.
Ата-ана берген тәрбиенің маңызы зор.
Бұл атаны үлкен-кішінің бәрі құрметтейді.
Азды-көпті білгенінің бәрін үйретті.
Тойға ағайын-туғанның бәрі келді.
Оны дос-жарандары үнемі қолдап жүреді.
Ағылшын тілінде жап-жақсы сөйлейді екен.
Әп-әдемі салынған сурет бәріне ұнады.
Қаламызда үп-үлкен ғимараттар бой көтерген.
Сарт-сұрт еткен дыбыстан шошып кетті.
Қар жерде жылт-жылт етеді.
2. Маңызды әңгімені телефон арқылы жеткізгеннен гөрі, бетпе-бет айтқан жөн.
3. Ақсақалдың үйіне балалары із суытпай кезек-кезек келіп тұрады екен.
4. "Ата-анаңды өзің балалы болғанда барып түсінесің",- деп жатады үлкендер.
5. Айдос кеш те болса арманын іске асыру үшін жап-жақсы жұмысын тастап Астанаға жол тартты.
6. Адасып келе жатқан Еркіннің алдынан қолында шелегі бар әп-әдемі қыз шыға келді.
7. Сарт-сұрт еткен дыбыстан шошып оянған Ажар үстіне күртесін кие салып, есікке қарай беттеді.
8. Өзен жағасында ойнап жүрген Қаламқас судың ішінен жылт-жылт еткен әлденені байқады.
9. Алмас дос-жаранынан көмегін аяған емес.