синтаксистік талдау жасау керек!.
Табиғи апаттардың ішінде су тасқыны өте қауіпті апаттардың бірі.
Су апаты болған кезде қалалар мен елдімекендер едәуір материалдық шығынға ұшырайды.
Кейде қатты су тасқындары елдімекендерді жер бетінен түгелімен шайып кетуі мүмкін.
Адам шығыны болуы ықтимал.
Су тасқынын алдын алу үшін, Төтенше жағдайлар министрлігі апаттың алдын алу және оны жою үшін, штаб құрады.
Бұндай жұмысқа арнайы мамандандырылған қызметкерлер жұмылдырылады. Атап айтатын болсақ: судан құтқарушылар, арнайы дайындықтан өткен сүңгуірлер, сейсмолог-құтқарушы мамандар, Казгидромет, Казсейсмология орталығы, Казсутасқынынан қорғау, әскери-авиация тікұшақ, жергілікті әкімшілік, Азаматтық қорғаныс қызметкерлері.
Роботтар адам орнын алмастырады.
21 ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі десем, артық болмас. Бұлай айтуымның себебі, бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда. Робот сөзіне анықтама берер болсақ, ол - адам тәрізді әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы.
Соңғы уақытта ойлап табылған роботтар адамдардың еңбегін жартылай немесе толықтай алмастыра алады, кейбіреулері ойын – сауық мақсатында қолданылады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босатты.
Техниканың дамуы бір орында тұрмайды. Қазіргі уақытта адам орнын толықтай алмастыра алатын, тіпті адамдармен толыққанды диалог жүргізіп, бала күтімінде де қолданылатын роботтар шығарылуда.
Робот - техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот - техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды. Бұл қазіргі уақыттың қажеттілігі мен тенденциясы деп айтсақ та болады.
Егер өмірдегі ең маңызды және ерекше мәселердің бірі отбасы мәселесі деп айтсам, ешкім маған қарсы сөз айтпайды деп ойдамын. Бүгін мен өзімнің ең жақсы көретін адамдар туралы айтып бергім келеді. Олар менің сүйікті отбасым.
Біздің отбасымыз үлкен емес, бірақ біздің қаламыздағы сыйлы отбасылардың бірі болып саналады. Өйткені - үйіміздің отағасы - ол менің сүйікті әкем. Ол - әйгілі жазушы, Қазақстан республикасының қоғам қайраткері. Ол қазақ әдебиеті дамуы үшін зор үлес қосқан. Анам - өз жұмысын жақсы көретін мұғалім, сондықтан менің сабағым өте жақсы. Өйткені анам мені әрқашанда қадағалап отырады. Үйде мен кенжемін. Менен бес жас үлкен ағам бар. Ол университетте оқиды.
Мен отбасымды өте жақсы көремін және мақтан етемін.
Если я скажу, что самое важное в жизни человека - это семья, не думаю что кто-то станет спорить со мной. Сегодня я хочу рассказать о своих самых любимых людях. Это моя любимая семья.
Наша семья не большая, но известная в широких кругах. Все потому что мой отец , хозяин нашего семейства, известный писатель и заслуженный деятель Республики Казахстан. Он внес большой вклад в развитие казахской литературы. Моя мама - преданная своей профессии учитель. Поэтому и учеба у меня отличная, потому что не уйти мне от маминого контроля. Я младший в семье. У меня также есть старший брат. Он учится в университете.
Я очень люблю свою семью и горжусь ею.