В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
котак5
котак5
04.05.2023 07:42 •  Қазақ тiлi

Синтаксистің зерттелу тарихы?​

Показать ответ
Ответ:
anastasiaKar01
anastasiaKar01
18.11.2020 10:33
1. Кез-келген ғылым саласының басталу, жетілу даму кезеңдері болады. Қазақ тіл білімінің бұғанасы бекіліп, қалыптасқан қай саласын алсақ та, олардың әрқайсысының даму кезеңдері болған. Ғылым салаларының даму барысында оның әдепкі біртұтастық түйдегінің жеке мәселелері бөлшектеліп танылып, сол саланың дербес бөлшегі болып та қалыптасуы мүмкін.
Қай ғылымның даму тарихына көз жіберсек те, әдетте олар жоқтан бар болып, тұтас қалпында дүниеге келеді де, соның ілгері даму барысында оның тармақталған салалары пайда болады. Мысалы, химия о баста біртұтас ғылым болса, бұл күнде оның органикалық, органикалық емес, биологиялық, катализ тәрізді бірнеше салалары бар. Сол сияқты тіл білімін, оның бір бөлігі – грамматиканы да ертеде филологтар дәл бүгінгідей саралап жік-жікке бөліп қарастырмайтын. Фонетика да морфология, синтаксис қатарында грамматиканың бір бөлігі деп есептелетін.

2. Қазақ тілінің синтаксис мәселелері ол баста жалпы сөйлем құрылысы арасында қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой көрсетіп, оның жеке мәселелері көптеген ғылыми зерттеулердің объектілері болып, қазір солардың жүйелі тармақтары айқындалып, жасалу, жұмсалу заңдылықтары ашылды. Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем синтаксисінен бөлініп, өз алдына бөлек синтаксис ғылымының бір саласына айналды.
Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу тарихымен ұштастыра ұғыныспайынша көп мәселенің байыбына бара алмай қаламыз. Егер орыс тіл білімінде бұл синтаксис ғылымының бірнеше тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз тіркесінің зерттелу тарихы 50-60 жылдан әрі аспайды. Ол қысқа тарихтың тіл біліміне қосары айтарлықтай мол болғанымен, сөз тіркесі синтаксисі енді ғылымдық дербестігіне оқшауланып, бұғанасы қатайып келе жатыр. Қазақ тіл білімі үшін осылай болуының өзі заңды.

3. 1894-1897 жылы орыс тілінде шыққан П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грмматика казак-киргизского языка» деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан А.Казембектің және миссионерлер жазған «Алтай тілінің грамматикаларына» негізделгенмен, онда да фонетика грамматиканың бір бөлігі болып, морфологияны «Этимология» деп атап, оған синтаксис мәселелері де енгізіліп, синтаксиске арналған кітабында морфологияға қатысты мәселелері араластырылады. Бұл еңбек сол кездегі түркітанушылардың тіл мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыруының дәрежесін бүгінгімен салыстырғанда өте төмен екендігін көрсетсе, екінші жағынан, өз заманының қазақ тіл біліміне қосқан үлкен үлесі 1920 жылы А.Байтұрсыновтың «Тіл құралдары» (үш кітап) оқу орындарында оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болуы. Онда грамматикалық атаулар мен дыбыс, буын, сөз сөйлем құрылыстары жайында жүйелі түрде мағлұмат беріледі.
Профессор Қ.Жұбанов сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу ертеде өзгеше болғанын дәлелдейді. Профессор С.Аманжолов «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсын» жазды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота