Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең.Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.Махаббаттың түрі өте көп. Отанға деген махаббат. Бұл сезім адам бойындағы өзінің кіндік қаны тамған жеріне деген тума сезімдердің бірі. Бұл сезімді ештеңемен айырбастай алмайсыз. Қанша алыс шет елдерге кетсеңіз де туған топырағыңызды аңсап, сағынып тұрасыз. Ал Отанын қорғау әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы. Бізде, Қазақстан Республикасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күні болып аталып өтіледі. Бұл сезімді көбіне елден жырақта жүргенде сезінеміз
Алатау – жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Еліміздегі ең ірі, жануарларға бай хайуанаттар бағы да осында. Ал, Алатау бөктерінде, Алматы облысының аумағында өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғауға, табиғатты, табиғи ескерткіштерді сақтауға арналған мемлекеттік қорықтар да бар. Бұл күнде теңізге айналған Қапшағай су қоймасы, ондаған бұлақтар мен көлдер өңір ажарын аша түсіп, тұрғын халық берекесіне айналған. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты.