В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Reolgjbjgjff
Reolgjbjgjff
01.03.2021 22:31 •  Қазақ тiлi

Сирек кездесетін тұрақты тіркестермен сөйлем құрау керек​

Показать ответ
Ответ:
Anna69666
Anna69666
08.05.2021 14:00
Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке. 
А адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты. 
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз.Сәуегейлер қанша құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр. Күн орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ. 
Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз. 
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты. 
Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан,ержүрек батыр қыздардың Қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.Сол аға-апаларымызды еске алсақ біз олармен мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз.
0,0(0 оценок)
Ответ:
miryayatatianap08x2w
miryayatatianap08x2w
24.09.2022 17:42
Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын. Менің елімнің жері кең, тынысы мол, жандарының көңілдері жайдары . Өзім қазақ болып жаралғаныма қуанамын, өйткені менің елімнің тарихы, салт –дәстүрі, әдет –ғұрпы өте бай. Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқығанда ,өз ұлтымның қыры мен сырын жете танисың.Мектеп ішінде қазақ тілі мен қатар орыс тілін де оқимыз. Бұл тілді біз басқа мемлекеттің балалары сияқты шетел тілі деп алмаймыз, ол біздің екінші тіліміз сияқты. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз әрұлтты мемлекетпіз. Елімізде тұратын ұлттардың өз асссамблеясы бар екенін бізге мұғалім түсіндіріп кетті. Біздің қазақ ұлтының құқықтық правосы заңмен қалай сақталса, басқа ұлттардың да праволары солай қорғалады. Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр. Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Біз білмейтін талай елдердің соғыстарын, террорлық істерді көргенде шошисың. Бізде бейбітшілік болып тұрғанға қуанасың, оның бәрі Елбасымыздың саясатының арқасы. Бейбітшілік болған соң ,биыл тәуелсіздігіміздің 20жылдық тойын жасамақпыз. Елімнің болашағына, халқыма бейбіт өмір, халықтар арасына достық, ынтымақтастық

болсын деймін. Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз!

Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, қазақ, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота