Махаббат (сүйіспеншілік) – тіршіліктің негізгі тірегі. Жалпы, менің ойымша, сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Сүйіспеншілік ұғымының аясы өте кең. Айналамыздағы келеңсіз жағдайлар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін де осы сүйіспеншілік. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.
Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Ендеше, сүйіспеншілікті өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты болайық!
Абай Құнанбаевтың "Ескендір" поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазу.
"Ескендір" поэмасы - Абай Құнанбайұлының гуманистік ойпікірін танытатын туындысы болып табылады.Поэмада бізге Ескендір Зұлқарнайын,Еуропада Александр Македонский деген есіммен белгілі қолбасшысының өмірі сөз болған.Ескендірдің жанында ақылшысы ретінде ұлы ғалым Аристотель бейнесі берілген.Поэмадан біз алпауыт қолбасшының әлсіздіктерін де көре аламыз.
Ескендір жасы жиырма бірге енді толса да сұсты,өз қол астындағыларды тәртіпті ұстайтын қолбасшы.Алайда,поэманың басында-ақ автор оның дүниеқоңыз,тойымсыз екендігін:
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.
Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болды, тұра аттанды,-деген жолдардан көреміз.Ол астындағы алып иелікке қанағат тұтпады.Жолында кездескеннің бәрін жайратты,маған тиесілі деді."Алтын көрсе,періште жолдан таяды"дегендей,ол тіпті ағып жатқан ерекше бұлақты бай елдікі деп,сол бұлақ бойымен жүріп,кездескен елді де басып алуды ойлайды.Бірақ бұл жерде де қолбасшы осалдығын көрсетеді.Алынбай қойған алтын қақпасы бар елден ол тым болмаса сыйлық беруін өтінгенде қақпаның арғы жағынан лақтырылған қу сүйекті көріп,ашуға мінеді.Ақылшысы Аристотельдің:
...Тоя ма адам көзі мың-мың санға...
...Қанша тірі жүрсе де өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен,-деген сөзіне Ескендір тоқтап,қатесін түсініп еліне қайтады.Қатыгездік,қанағатсыздық,дүниеқоңыздық - Ескендірдің әлсіз тұстары демей,немене?
Махаббатсыз өмір бос...