1. Мен үшін шет тілі сабағы өте қызықты өтеді. Мен шет тілінің ішінде ағылшын тілін меңгеруді жөн көрдім. Қазір ағылшын тілінде шағын кітаптарды оқып, жаттығудамын. Өзіме бұл жақсы көмек.
2. Ағылшын тілінің мұғалімі сабақты қызықты етіп түсіндіріп жатқанда, мен зейін қойып тыңдаймын. Сондықтан үй тапсырмасын үйде қиналмастан орындаймын. Және үйде өздігімше тағы дайындаламын.
3. Сабақ үстінде көптеген жаңа мәліметтерден хабардар боламын. Ол мәліметтермен үйде бауырларыммен бөлісемін. Оларда қызыға тыңдайды.
4. Мен үй тапсырмасын қуана орындаймын. Өйткені ағылшын тілін жетік меңгеру менің арманым. Келешекте ағылшын тілі маманы боламын.
Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 2,6 млн - б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас "индустриясының" біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. А мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды.