Смысловой перевод текста Ойнап жүрген батырмыз,
Кел шетінде - тыныштық,
Әңгіме айтып жатырмыз.
Асқар
Соған тиіп сөз енді,
Алып келіп дәу тастар,
Бөгер едім өзенді.
- Үйлерді сен құлатқан
Қайта салып қояр ем.
Ағаш егіп ұнатқан,
Жемісіне тояр ем.
Теңдесі жоқ жалғанда
Мықты болсам мен тіптен.
Екі-үш ұрттап қалғанда,
Құрғай қалса көл біткен,
дейді Ақан, - Үйіңді
екі-ақ теуіп, жояр ем.
Пойызды сол күйінде
Бір-ақ жұтып қояр ем!
Мықты болсам, - дейді
«Жолаушылар жолынан
Кешігеді-ау көп қалып»,
Деп, пойызды қолыңнан
Жіберер ем құтқарып.
Әнуарбек Дүйсенбиев
Мұғалім туралы.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.
Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.
Ұстаз – мектептің басты тұлғасы, жүрегі десек те болады.
Жаһандану заманында ұлт¬¬тық бәсекеге барынша қабілетті болудың көр-сет¬кіші – білім деңгейімен өлше¬нетіндіктен, Елбасымыз мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеді. Сондықтан да егемен еліміздің ертеңін ойлайтын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздарымыздың еңбектері жемісті болса екен деймін.
Жарқ еткіздім бөлмені,
Шоқтан қолым күймеді.
(Электр шамы)
Темір қайшы – қос қайшы,
Шығыршықсыз бос қайшы.
Еңбеккерге дос қайшы,
Еріншекке қас қайшы.
Өтпейді бір бос күні,
Ол? –
(Сағаттың қос тілі)
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.
(Қауын-қарбыз)
Темір аяқты,
Ағаш таяқты.
(Циркуль мен қарындаш)
Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
Күші десең, күші бар.
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды,
Түнде жортар ісі бар.
(Қасқыр)
Үлп-үлп етіп тымағы,
Желп-желп етіп құлағы,
Суды кешіп тұрады.
(Құрақ)
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң.
Төріңдемін үйіңнің.
(Шырша)