СО ПО КАЗ ЯЗ Ерте, ерте, ертеде бүркіт: «Кім күшті?» деген қазақша күрестен сайыс өткіземін», – деп жан-жануарларға жар салыпты. Аю, жолбарыс, қасқыр, қоян, барыс, арқар мен борсық сайысқа қатысуға дайындала бастайды.
Атасы барысты сайысқа дайындайды.
- Бұл жарыста жеңіске жету оңай емес, балам! Сайыста күшті болу керек,бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны ұмытпа! – деп, атасы барысқа ақыл айтады. Барыс сайысқа қатысу үшін көп жаттығады.
Сонымен, сайыс күні де келіп жетеді. Бүркіт,қабан, таутеке төреші болады.
- Сайыс жарыста жеңген аңның атымен аталатын болады,- деп бүркіт жариялады. Қасқыр мен қоян, арқар мен борсық, аю мен қабан, барыс пен келес күреседі. Қоян қасқырды, аю қабанды, борсық арқарды, барыс келесті жеңеді.
Жартылай сайыста аю мен қоян, барыс пен борсық күреседі. Аю қоянды, барыс борсықты жеңеді де аю мен барыс шешуші сайысқа шығады.
Барыс аюмен күреседі. Ол атасының айтқан ақылын есіне түсіреді де ептілікпен өзінен күшті аюды аяқтан шалып жеңеді.
Сөйтіп, барыс ептілікпен төзімділік көрсетіп, жеңімпаз атанады. Содан бері қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталатын болды.
№1 ТАПСЫРМА: [3]
1.1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз
1.2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз: әлді -
1.3. Берілген сөздің антонимін мәтіннен тауып жазыңыз: сабырсыздық -
№2 ТАПСЫРМА: [3]
Сұрақтарға жауап беріңіз:
2. 1. Жарысқа қандай аңдар қатысты?
2.2. Жартылай сайысқа қай аңдар шықты?
2.3. Сайыс қай аңның атымен аталатын болды?
№3 ТАПСЫРМА: [1]
3.1. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.
І. Қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталады.
ІІ. Ертеде бүркіт қазақша күрестен сайыс болады деп жар салыпты.
ІІІ. - Сайыста күшті болу керек,бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны ұмытпа! – деп, атасы ақыл айтады
A) II, I, ІІІ
B) ІІІ, II, І
C) II, IІІ, І
Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз (60-70 сөз).
1.1 -Кім күшті
1.2-әлді-күшті
1.3-сабырлы
1. Бүркіт қазақша күрестен жарыс өткізген.
2. Жарысқа қоян, қасқыр, аю, жолбарыс, барыс, арқар мен борсық қатысты.
3. Барысты жарысқа атасы дайындады. Барыс өте көп жаттықты.
4. "Бұл барыста жеңу өңай емес. Жарыста күшті болу керек, бірақ епті болу одан да пайдалы. Соны ұмытпа." деп айтады
5. Бүркіт, қабан және таутеке төрешілер болды.
6. аю, қоян, барыс, борсық жартылай сайысқа шықты.
7. Барыс жеңеді.
8. Сайыс енді барыстың атымен аталатын болады.
Объяснение: