В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
алина3882
алина3882
20.05.2020 06:26 •  Қазақ тiлi

СОЧ Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Екі достың әңгімесі
Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден-сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: "Бүгін мені жан досым ұрды!»
Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан құтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: "Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды", — деп жазады.
Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:
– Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын! - деген екен. (125сөз)

1. Мәтіннің негізі ойды анықтайтын 3тірек сөзді жазыңыз.
1-тірек cөз
2-тірек cөз
3-тірек cөз [1]

2.Тындаған мәтіннің автордың көзқарасын, негізгі ойды анықтаңыз. Екі дұрысжауабы бар
А) жаман жолдас
В) берік достық
С) еңбек туралы
Д) білім туралы
Е) шынайы достық туралы [1]

3.Берілген күрделі сөздердің(сөз тіркесі) мағынысын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
оқу озатты[1]
оқу залы [1]
ақша табу [1]

Оқылым
1-мәтін
Берілен үзінділерді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
...Балықшылар қараңғыда қайдан шықанын білмесе де, үлкен мұздың тұмсығы ілгері жағынан бір тұйыққа тірелгенін сезді. Таң атқасын болмаса, мына қараңғыда қозғалуға қорықты. Және қалай қарап жүрерін білмей, ашықмұз үстінде, жел өтінде бір топ кісі бүрсендеп тұр.
Кешегі күні олар тірі қаламыз деп ойлаған жоқты. Теңізге шыққасын жұқа мұз быт-шыт боп, балықшылар бет-бетіне ығып кетті. Тоқымдай мұздың бірінен-біріне секіріп жүргенде, Итжемес тайып, теңізге құлады.
Онан үш балықшы үсіп өлді. Құлтума да шалажансар, кірпігі ғана қимылдайды. Іштеріндегі Еламан, Кәлен, Мөнке, Дос қана. Әзір Рай аяғынан басып тұр. Аяғындағы етікке су өткен еді. Аязға шыққасын қайыс етік құрысып қалды; қанша сыр бермейтін десе де, таң алдыңдағы сары аяз шыдатпай, жас жігіт жаурап,Еламанның иығында дір-дір етіп тұр. Ауық-ауық жүгіріп алады, онда да құрысқан қайыс етік аяғын сығып, ауырсынып тұра қалады
« Қан мен тер» Ә. К. Нұрпейісов 126(сөз)
2-мәтін
Ғафу Қайырбеков
«Тышқан көз» деген бұлақ ол,
Тәтті де суы шекерден.
Қандырып сусын, шығады ол
Шілдеде шып-шып шекеңнен.
Балауса шөпті жапырып,
Балалар бақа қуады.
Ақ көбік сабын сапырып,
Аналар кір-қоң жуады.
Іргені түріп, самалдап,
Көлеңке басын келтіріп,
Алдында қымыз «ал, ал!» - деп,
Ақындар жатар лепіріп.
Ac үйде анау келіншек
Көтеріп аппақ шараны,
Көзге бір жайнап көріне,
Көңілің ойнақ салады.
Сабаз-ай десей, сайран күн,
Соңымнан тауы Баянның
Сен ұмыт болар ма екенсің?
Телміріп қарар ма екенсің? 74(сөз)

1.Берілген шығармалардың түрлерін аңықтаңыз.Тиісті шаршыға белгісін () қойыңыз.

өлең, хат әңгіме, өлең мақала, очерк хат, памфлет
[1]

2.Мәтіндердің құрылымына қатысты сұраққа жауап беріңіз.
Мәтіндердің құрылымдық бөліктері толық сақталған ба?
А) Мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес, негізгі бөлімі жоқ
Б) Мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес, қорытынды бөлімі жоқ.
С) Мәтіннің бастауы , негізгі, қорытынды бөлімдері бар, толық сақталған.
Д) Бірінші мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес,екінші мәтінде толық сақталған.
Е) Бірінші мәтінің құрылымдық бөлімдері толық сақталған, екінші мәтінде толық емес.

Жазылым
Тақырыптардың бірін тандаңыз. Тақырыпқа оңтайлы шешілу жолдары усініп эссе жазыңыз.Эссе құрылымын сақтаңыз. Жазба жұмысында етістіктің бұйрық рай қызметін және шартты рай жұрнақтарын орынды қолданыңыз.Символ мен кеіптеу түрлерін қолданып жазыңыз.

1.Арал теңізінің мәселесі.
2.Судың тіршіліктегі пайдасы.
3. Достықты сақтау – киелі іс.

Показать ответ
Ответ:
НaИзи
НaИзи
26.04.2021 05:09

-сәлем Фархад

-Сәлем досым

-Сен Абылай хан туралы нені білесін?

-Мен білемін Абылай ханның шын аты - Әбілмансұр

-Мен оны білмеппін, бүгін мен интернет ресурстардан Абылай хан туралы оқып келемін

-Менің есімде қалған Абылай хан туралы ақпараттар энәиклопедиядан

-Онда айтшы не есінде қалғанын осы энциклопедиядан

-1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.

-Рахмет Фархад ақпарат үшін Абылай хан туралы

-Оқасы жоқ

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
RakoT1511
RakoT1511
22.06.2021 19:17

Ақын айтқысы келгені:

Айда, күнде бәрі өз уақытымен шығады, заман өзгерген жоқ. Өзгерген ол адамдар дейді.

Жанашырлық, қамкорлық жок. Бұрынғы қонақжайлылық жок. Адамдар теріс жолға кетіп барады. Адамдар жанжалдасса қарап тұрамыз, ажыратар ешкім жок. ( телефонға тусіреміз). Қанішер болып адам өлтіруге барамыз. Ұрлық, өтірік. Салынғанымыз ішімдік, наша, құмар ойын. Мейірімділік жоқ жақынымызды ұрамыз, тастап кетеміз. Кішкентай қорғансыз балаларды қорғаудың орнына, оларды туып тастап кетеміз, шет елге сатамыз, біреудің баласын ұрлап мушелерін сатамыз, зорлық- зомбылық жасаймыз. Күн шығады, түн батады бәрі-бәрі орнында тек адамдар...

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота