В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
LPKenion
LPKenion
06.11.2021 01:15 •  Қазақ тiлi

Соч Оқылым «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында дүниеге келген - қазақстандық әуесқой боксшы. Ол - 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс. Боксшы үшін тек күш емес, айла мен тәсіл, тәжірибе де аса қажет.
Боксшының балалық шағы Батыс Қазақстанда өтеді. Қазір Данияр үйленген. Отбасы, балалары бар. Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды. Бүгінгі таңда боксшы отбасымен Елордамыз Астанада тұрып жатыр. Ал туған ағасы шетелде тұрады.
1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
Тұжырым Шын
А Бас кейіпкердің туған ағасы бар
В 2010 жылы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанады С Отбасылы. Қазіргі кезде еліміздің бас қаласында тұрып жатыр
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
қиындықпен (антоним) - көп сөйлемейтін (синоним) -
Жалған
[1]
4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).
[1] [1]
[1]
Мәтіндегі ақпараттар Реті
Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді
5. Сұраққа толық жауап беріңіз.
Боксшы болу үшін қандай қасиеттер қажет?



[1]

Жазылым
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
1. Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.
Бір күні кішкентай бауырыңыз сізден көмек сұрады. Оған пән мұғалімі «Олимпиада чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазып келуді тапсырған. Сіз бауырыңызға көмек көрсету үшін қандай олимпиада чемпионы туралы ақпарат айтасыз? Ақпаратты жазыңыз.
2. Жер байлығына аяулы көзқарас.
Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз.
[10]

Показать ответ
Ответ:
Zsd19
Zsd19
16.04.2021 23:17

1. В

2-3. Қиындықпен(антоним)—Жеңілдікпен

Көп сөйлемейтін(синоним)—момын.

4. 1-Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді

2-Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек.

3-Ата анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды.

5. Менің ойымша боксшы болу үшін шыдамды,төзімді,еңбекқор,батыл болу керек

Жазылым

1. Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота