СОЧ ПО КАЗАХСКОМУ, НУЖНО ВЫБРАТЬ ОДНУ ТЕМУ И НАПТСАТЬ ЭССЕ 90-110 СЛОВ A. Қазақ жазуының даму жолы
Қалалық байқауға қатысқалы жатырсыз делік. «Елбасы 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшетініміз туралы Жарлыққа қол қойды. Сіз бұл шешіммен келісесіз бе?» тақырыбында эссе жазыңыз. Афоризмдерді орынды қолданыңыз.
B. Көшпенділер мәдениеті
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқығаннан кейін, мектеп журналына
«Ұлы дала – көшпенділер әлемі» тақырыбында мақала жазуға шешім қабылдадыңыз. Афоризмдерді орынды қолдана отырып, шағын мақала жазыңыз.
Қонақжай халық. Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды құрметпен қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге қонақ бола береді. Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақ күту – қазақтың ең жауапты ісі. Келген қонақты риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын ұсынылады. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйші, өнерлі адамдарды шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Халқымызда «қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. бұл сөздің мағынасы өте терең. Ата-бабаларымыз «қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс, қашып кетеді» деп ырымдаған.
Жан ана……аяулы ана, ардақты ана, бұл өмірде сенен жақын, сенен қымбат кім бар екен? Жүзінен мейрімділік пен жылылық төгілген, адамзатқа өмір сыйлаушы, перзентіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқаушы асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Анамыздың байсалды да байыпты тұлғасы, күлімдеген келбеті, әсерлі де, әдемі әңгімесі, мейірімге толы жанары, өмірдегі ең жұмсақ алақаны, айдын шалқар ақылы, кең жайлаудай кешірімшіл мінезі бәрі – бәрі есімізге сан оралып, анамызға деген сағыныш оты жүрегіміздің түбінде маздап жанып, көкірегімізге мұң ұялап, көңіліміз босап, жанарымыз еріксіз жасқа толады.
Анамыздың беделді, абыройлы, еліне сыйлы болғанын ауыл азаматтарының әңгімесінен естіген сайын, көкірегімізді мақтаныш керіп тұрады.
Сары алтынның тұнбасындай қазақ әйеліне тән бар асыл қасиетті бойына жинап, тере білген абыз ойлы, шешен тілді, жүзінен сәуле шашқан байыпты да, байсалды ананың ошағы ешқашан сөнбейді, асыл бейнесі ұрпағының, ағайын – туысының, халқының жүрегінде мәңгі сақталар.