В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
таня1697
таня1697
13.07.2022 03:12 •  Қазақ тiлi

Сочь по казаскому языку 1 четверть 6 класс​

Показать ответ
Ответ:
tatianalednewa
tatianalednewa
15.03.2020 07:43

ахмет байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі қостанай облысы, жангелді ауданы сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, алаш-орда өкіметінің мүшесі.атасы шошақ немересі ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. әкесінің інісі ерғазы ахметті торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. оны 1891 жылы бітіріп, орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы ақтөбе, қостанай,қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған. байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 қол қойған қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі байтұрсынұлы болды. қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, семей түрмесіне жабылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
polsmilе
polsmilе
03.04.2021 20:22
 Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Арктика мен Антарктидан басқа жердiң бәрiнде ме­кендейдi. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар. Оның 4 туысқа жа­татын 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қар­лығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлы­ғашы.

Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман-тоғай, өзен-көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Күз түсе, Африка мен Оңтүстiк Азияға ұшып кетедi. Жылына бiр рет, қыста түлейдi. Екiншi жылы ұрпақ бередi. Екi-екiден, кейде топ­танып, шыңға, тiк жарға, кейде тұрғын үй қабырғаларына, ағашқа жапсыра ұя жасайды. Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар.

Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi.

Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды. Алты-жетi күннен соң жасап бiтiрген ұясына 3-тен 7-ге дейiн жұмыртқа салады. Екi-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.

Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлы­ғаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады. Мысалы, «Қарлығаштың құй­рығы неге айыр?» ертегiсi, Төле бидiң қалай «Қарлығаш би» атанғаны туралы аңыз… Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы:

Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады.

Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.

Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң…
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота