соч Су
Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.
Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі , қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да шал
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Режиссер болсам, қандай фильм түсірер едім?
Маған «Режиссер болсаң, қандай фильм түсірер едің?» деген сұрақ тосыннан қойылса, бірден жауап беру қиынға түседі. Себебі, мен бұл мамандық атауын жиі естіп жүргеніммен, режиссер нақты қандай жұмыс атқаратынын білмеуші едім. Сонымен, сөздікке жүгінуге тура келді.
Сөздіктегі анықтама бойынша «Режиссер – сахналық қойылымның көркемдік тұтастығын, кейіпкерлердің өзара қатынастары арқылы саяси-әлеуметтік, фәлсафалық, азаматық және басқа көптеген келелі мәселелерді көтеретін спектакльдің қоюшысы, шығармашылық процесстердің ұйыдастырушысы, әрі авторы» екенін білдім. Демек, режиссер болу үшін өнерге біршама жақын болып, адамның бойында белгілі бір дарын болуы керек деп ойлаймын. Себебі қойылымның идеясын, тақырыбын анықтап, кейіпкерлердің өзара қарым – қатынасын реттеп, көрерменге ұсынады. Біршама қиын әрі жауапты іс екені бірден көрініп тұр.
Біздің күнделікті көріп жүрген киноларымыз осы режиссерлердің еңбегінің жемісі екенін білдім. Осы бір мамандық иесі фильм көрерменнің көз айымынан айналу үшін қаншама тер төгетіні біреуге мәлім болса, енді басқалары тіпті ол туралы білмейді. Режиссерлер актерлердің киімі мен гримінен бастап музыка, жарық, дыбыстық үндер, сахна кеңістігі осының бәрін шебер ойластыруы қажет.
Ал мен өз басым режиссер болсам, тарихи фильм түсірер едім. Бірақ тарихи фильм түсіру ең қиыны деп білемін, себебі жоғарыда аталған істерден басқа, фильмдегі тарихи деректердің дұрыс болуын да қадағалауым керек болады.