Мұғалімге қойылар талап көп. Себебі, әрбір ата-ана өздерінің ең қымбатты байлықтарын оларға сеніп, тапсырып отыр. Қанша баланың ертеңі сол мұғалімнің бүгінімен байланысты. Мұғалім ең бірінші өзі таңдаған мамандығын сүюі керек. Өз білімін шыдамдылықпен, төзімділікпен, мәдениеттілікпен өз шәкірттеріне жеткізе білуі керек.