Мен бүгін 14 жасқа толдым. Саналы өмірімнің үштен бірі артта қалған сияқты. Өкініш жоқ. Өткенді еске алдым. Қателескен кездерім болды. Қорытынды шығаруды үйреніп жүрмін. Бүгінгі жағдайымды сараладым. Одан да жақсырақ болуы мүмкін еді. Көп нәрсе өзіме байланысты. Болашағыма көз жібердім. Мақсаттарым бар. Бәрі өз қолымда...