Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі арасында ойналады. ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.