В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Pro100god322
Pro100god322
13.05.2021 08:24 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему, не большое, буквально 5-6 предложений "уважение в семье" на казахском

Показать ответ
Ответ:
irinapak1985
irinapak1985
01.10.2020 10:51

Отбасындағы сыйластық.

Дәстүрлі қазақ қоғамында сыйластықтың маңызы зор.

Сыйластық дегеніміз – басқа адамдарға құметпен қарау, түсінушілік таныту. Бұл орайда есіме «Сыйласқанның құлы бол» мақалы түседі. Қазақ халқы тіпті танымайтын адамды үйіне қонақ қылып, төрге шығарып, сыйлаған. Жалпы адамдар арасында түрлі қарым – қатынаста сыйластық орнайды: достар арасында, туысқандар арасында, құрмет қылуға лайықты адамдар арасында. Қазақ қоғамындағы сыйластықтың бір мысалы ретінде жеңге мен өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдерінің қарым – қатынасын келтіруге болады. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.

Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.

Сондықтан отбасы тәрбие бастауы болғандықтан, әрбір отбасы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, жас ұрпақтың бойында тек жағымды қасиеттер қалыптастыра білсе екен дегім келеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота