Мен велосипед үйірмесіне қатысқаныма ата-анам қарсы болды. Дегенмен оларды үгіттеп зорға көндірдім. Әрі көршідегі велосипедтен спорт шебері ағайымызда менің шешімімнің дұрыс екенін түсіндірді. Сонымен, көптеген дайындықтың нәтижесінде мен халықаралық велоспорттан жарысқа қатысатын болдым.