В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
timofee1999
timofee1999
22.04.2020 08:31 •  Қазақ тiлi

Сочинение по казахскому на тему шымбулак

Показать ответ
Ответ:
raupova74
raupova74
07.10.2020 00:33
Шымбұла тау шаңғы шипажайы – Іле Алатауының көркем етегіндегі шатқалда теңіз деңгейінен   2260 м. биіктікте, Алматы қаласының орталығынан  25 км. жерде орналасқан. Ауаның орташа температурасы жазда   +20 С, қыста -7 С. Қар қабатының  орташа қалыңдығы 1, 5 м., жылдағы шуақты күндер 90% дейін болады. Бұл жерді  қар қараша айынан  бастап мамырға дейін жамылып жатады.

Тау шаңғы жолдары «Медеуден» «Шымбұлақтың» негізгі стансаларына дейін (ұзындығы бойынша әлемде үшінші орында– 4,5 км) гондола жолдары арқылы жүзеге асырылады.  114 жабдықталған кабина шипажайдың барлық қонақтары үшін қызмет көрсетеді, жолдың өткізу мүмкіндігі сағатына 2000 адамды құрайды,  сондай –ақ, онда қосарланған (Комби 1 және Комби2), екі төрт орынды (ККд4 және Левый Талғар)  және бугельді арқанды екі жол да бар.  Көтергіш Сізді теңіз деңгейінен 2260 м.биіктіктен Талғар асуына  (3163 м) дейін көтереді, биіктік айырмасы  903 м. Сіздің оң  және сол жағыңызда  қар жамылған асқақ тау мен мәңгі жасыл тянь- шань шыршалары  жатады.

Шымбұлақ – тау шаңғысымен жаңадан айналыса бастағандарға жазық  та жұмсақ  жолы, дайындығы жоғары шаңғышыларға арналған ұзақ жол,  жылдамдықпен түсетін  ФИС- жолдар, сноубордшыларға  соны қарлы аңғарлар мен халф-пайп, нағыз шеберлерге экстремалды шұғыл бұрылыстар,  могулға арналған арнайы жолы бар – түрлі бағыттағы таң қалдыратын жер. Шымбұлақта жыл сайын жаңа бағыттар ашылып отырады.

Шымбұлақ трассалары  Халықаралық Тау  Спорты Федерациясымен (FIS) аттестатталған. Жолдың жалпы ұзындығы  3620 метрді құрайды. Сонымен қатар, тау шаңғысының қас шеберлеріне арналған жолдар да бар. Егер де Сіз шаңғы мен сноубордқа ешқашан тұрмаған болсаңыз, үйренетін уақыт келді. Тау шаңғы мектебінің тәжірибелі нұсқаушылары сіздерді керек –жарақпен қамтамасыз етіп, 3 жас пен 100 жас аралындағыларды шаңғы мен сноубордқа сауатты түрде үйретеді. Сіз freestyle, slopestyle, carving және т.б. стильдерді үйрене аласыз. Жалға беру пункттерінде шаңғы мен сноуборд бәріне жетеді.

Тау шаңғы шипажайының аумағында түрлі талғамға арналған қонақүй, мейрамханалар, кафе, кофейня бар.

Шымбұлақ қыста ғана емес жазда да демалуға арналған ғажайып орын! Жыл маусымының бұл мезгілінде тау бедері ерекше. Жан аяғы баспаған жабайы тау бөктерінде қарағайлы орман жамылып жатқан, әсем көгалды ұзыннан ұзақ созылған аңғарлар жатыр. Жаз маусымында балаларға арналған лагерь жұмыс істейді.

Алдағы уақытта кешен аумағын кеңейту, арқанды жолдың ұзындығын ұлғайту жоспарланып отыр. «Шымбұлақ» шипажайында келешекте алматылықтардың ғана сүйікті демалу және көңіл көтеру орнына айналып қана қоймай, оған қоса шетелдік туристтердің назарына да ие болмақ.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота