СОЧИНЕНИЕ Тұмар (Томирис) ханиа күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тумар ханша есімі Ахемен әулетінен шыққан, парсының әйгілі патшасы Кирдің әскерін ашық шайқаста жеңуімен тікелей байланысты.
Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп, жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің түркі сактармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын кабылдамай тастайды. Екі жақтың арасында кырғын соғыс басталады. Ақырында туркі сактар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза
табады. Осылайша түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады.
Сыйлы оқушы.
Сыйлы оқушы әрдайым сабағын жақсы оқып, өз ісіне мығым, таза жүреді. Осы жағымды қылықтары мен жақсы тәртібінің арқасында мұғалімдер мен достарының арасында әжептәуір беделге ие. Сыйлы болғаны соншалық, сыныптастары мен достары бірден айтқанына құлақ асып, орасан зор құметтейді. Сыйлы оқушыға сырт көзбен қарағанда әбден көңілің толып, сүйсінесің.
Осындай оқушы қатарының алды болып, ылғи сабағын да жақсы оқиды, ұқыпты жүреді. Сыйлы оқушылар өңшең әдепті болады, үлкендерді сыйлап, кішілерге ізет көрсетіп, ылғи көмекке келуге дайын болады.
1. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
D) Ащы – тұщы
2. Ырықсыз етісті табыңыз.
С) сөйленді
3. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбысты өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетіңіз.
С) Жап
4. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
С) Су-тіршілік көзі.
5. «Көзі ашық» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.
D) білімді
6. Сан есімге байланысты қандай тыныс белгісі қойылады?
Көршім 50 лерде.
B) дефис
7. Синоним сөздерді табыңыз.
В) Ұлаң-байтақ, кең, ұлаң-ғайыр
8. Қонақ келерде үй тазарып қалды: үй ..., еден ...
C) жиналды, жуылды
9. Осы шақтағы етістікті табыңыз.
В) Әкеле жатыр
10. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Гүлдей бер, туған жерім
В) Лепті.
11. Шектік мағынадағы демеулігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
C) Үшеуі тек маған амандасты.
12. Жанама толықтауышты табыңыз.
«Кәсіпкерлер кәсіптеріне қаржыны өздері табады».
А) Кәсіптеріне
13. Мақалды толықтырыңыз. «... өмір – сөнген көмір.»
А) Еңбексіз
14. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
С) күлу
15. Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз.
Әттең, бүгін кешікпей келгеніңде үлгіретін едің!
Е) Өкіну
16. Қазақ музыкасын әлемге тұңғыш танытқан әншіні көрсетіңіз.
D) Ә.Қашаубаев
17. Астананың орналасқан жерін табыңыз.
А) Сарыарқа даласы
18. Толықтырыңыз: Тудағы қанатты қыран ... белгісі.
В) еркіндіктің
19. Қазақстанда мекендейтін аңды анықтаңыз.
Е) Түлкі
20. Ежелгі Отырар қай облыста екенін табыңыз.
С) Оңтүстік Қазақстан