Ей, Астана! Сен деген туған елдің жүрегісің, Өзінен бастау алар өрелі ісім. Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен, Бәрінен бірегейі, бөлегісің. Астанам – асқарымдай көрінесің, Өлең боп көкірегімнен өрілесің, Бойыма рух беріп тұрғаннан соң, Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім Домалап қазағымның өрге тасы, Думанмен дүрілдесін аспан асты. Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп, Асқақтай бер, елімнің Астанасы!
Сен деген туған елдің жүрегісің,
Өзінен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,
Бәрінен бірегейі, бөлегісің.
Астанам – асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің,
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,
Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім
Домалап қазағымның өрге тасы,
Думанмен дүрілдесін аспан асты.
Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,
Асқақтай бер, елімнің Астанасы!