Сол күні жұмбақ ға- ламшардан екі бала келді.
Жұмбақ елден келген бала-
a-
лардың әңгімесі де құпияға
толы еды:
- Біз Жердегі тіршілікті
көп зерттедік, - деді қонақ-
тың үлкені. - Жер ғаламшары
ғарыштан керемет әдемі көрі-
неді. Бірақ жақындасаң, қатты
қорқасың, Қара қою түтіннен,
улы газдан тұншыға бастайсың.
Көзің қарауытып, басың айналады. Біз ешқайда қона алмай, қатты
қиналдық. Мұхиттарда көк киттердің күңіренгенін, аққулардың таза
суды аңсағанын көрдік. Ал ақ аю мұзды қушақтап қатты жылады. Ор-
мандар өртеніп жатыр, құстар ұясынан айырылды. Жүрегіміз ауырды…
- Қап, ұят болды-ау! - деді Мақсат.
- Өздеріңе әдейі келдік, - деді екінші қонақ бала. - Табиғат-ананы
ренжітіп алыпсыңдар… Бірақ барлық ақылды бала осы Жерде тұрады
екен. Болашақтарың жарқын, көңіл күйлерің, өмірлерің жаңсы бо-
лады. Ол үшін Жер-ананы сақтаңдар.
- Бәріне жауапты сендерсіңдер. Біз қазақтарды «Күннен келген
халық" деп білеміз. Сендер сол халықтың ұрпағысыңдар. Сондықтан
бәріне жауаптысыңдар! - деді үлкен қонақ.
Б. Сүлейменов Составить план
ұйқас деген ол сөздердің бір-біріне жақсы дыбыстық үндестігі келісуі қысқаша айтсам.
Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады.
Ұйқас – ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады. Өлең ұйқасының үстіндегі іздену осы тұрғыдан болуға тиіс.
Ұйқастың түрлерін жіктеп-ажыратқанда, алдымен, оның сапасын, яғни сөздердің өзара қаншалықты үйлесетіні еске алынады. Бұл жағынан келгенде ұйқасты толымды ұйқас және толымсыз ұйқас деп бөледі. Мәселен, мақтанба, баптанба – толымды ұйқас болса, жұбанып, доғарып – толымсыз ұйқас екені өзінен-өзі көрініп тұр.
«Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, – деп жазды академик Қ. Жұмалиев, – бірақ ең негізгісі және көп қолданылатындары мыналар:
1) қара өлең ұйқасы (ааба),
2) шұбыртпалы ұйқас (),
3) ерікті ұйқас (абвгб),
4) кезекті ұйқас (абвб),
5) шалыс ұйқас (абаб),
6) егіз ұйқас (аабб),
7) аралас ұйқас (аабвбвббб),
8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд)».
Қазақ тіліндегі өлеңдерде жиі кездесетіндері – қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас және шалыс ұйқастар. Қара өлең ұйқасы, әсіресе, халық әндерінде кеңінен қолданылған:
Астыма мінген атым Бұқпа қара,
Шаң тисе, ақ бетіңе – ыққа қара.
Аулыңның сырт жағынан ән салайын,
Даусымды танымасаң, шық та қара!
Кезекті ұйқасқа мысал:
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім (Махамбет)
Шалыс ұйқасқа мысал:
Желсіз түнде жарыық ай,
Сәулесі суда дірілдеп;
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп (Абай