Менің атым- Жеңісбек. Бұл есімді маған 9-шы мамырда туылған соң,атам берген. Бұл күн атам екеуміз үшін нағыз мереке, қуанышты күн. Өйткені, атам Сабырхан -Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыстан кейінгі жылдарда мұғалім болып қызмет жасап, зейнетке шыққан. Атамның соғыс туралы,өмір жайлы әңгімелері өте көп, әрі қызық.Оны тыңдаудан жалыққан емеспін.Жыл сайын 9-Мамыр күнін екеуміз де асыға күтеміз. Бұл күні ардагерлер Жеңіс парадына қатысады,оларға құрмет көрсетіледі. Ал ардагерлер болса,"Мәңгілік алау" жанында митингке қатысып,өздерінің майданнан қайтпай қалған қаруластарына тағзым етіп,гүл шоқтарын қояды. Міне,бүгін де ертемен мерекеге бара жатырмыз. Әңгімеміз жарасып,атам көңілденіп келеді.
-Ата, сізде арман бар ма?
- Армансыз адам болушы ма еді,балам-ау.Құдайға шүкір, менің арманым орындалды десем болады.
-Сіз нені армандап едіңіз?
- Мен жауды жеңуді армандадым, халықтың табандылығы арқасында ол арман орындалды.Бейбіт өмір сүрсек деп те армандадым.Шүкіршілік, бейбітшілікте еңбек те еттім. Енді үлкейіп, еңбегімнің зейнетін көріп,өмірімнің жалғасы-сендерді тәрбиелеп отырмын. Арманы орындалды деген осы емес пе?
Мен атамның орындалған арманының бірі болғаныма қуандым.
Құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысу жолдарына қарай құрмалас сөйлем 3 бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем.
Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара тәуелсіз, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мыс: Табыс өзінен – өзі келмейді, оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек.(1. Табыс өзінен-өзі келмейді. 2. Оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек. )
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері :
Ыңғайлас салалас
Іліктес салалас
Қарсылықты салалас
Себеп- салдар салалас
Талғаулы салалас
Кезектес салалас
Шартты салалас
Ыңғайлас салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері көбінесе өзара тұлғалас, бір сарынды мағыналық қатынаста айтылған салалас құрмалас сөйлем ыңғайлас салалас болады. Ыңғайлас салалас ішіндегі жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен деген жалғаулықтар арқылы немесе ешбір жалғаулықсыз-ақ байланыса береді. Мыс: Мұндай жолдарды салу аса қымбатқа түседі және кез- келген жерге сала беру мүмкін емес. Мыңдаған гектар шөп шабылмақ, ондаған қора жайлар салынбақ.
Іліктес салалас
Құрамындағы жай сөйлемнің бірі басқасымен талданып түсіндірілетін салалас қ. с. іліктес салалас болады. Мыс : майдың құрамына да үш элемент кіреді: олар – көмір, оттегі және сутегі.
Іліктес салалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары жоқ.
Сол, сонша, соншалық, соншама деген сөздердің қатысымен жасалған кейбір құрмалас сөйлемдер де іліктес салалас ретінде қарастырылады. Мыс: Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды. Мал етінің асылдануы сондай – майы аузыңа салдырмайды
Қарсылықты салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара қарсы мағыналық қатынаста жұмсалатын салалас құрмалас сөйлем қарсылықты салалас болады. Қарсылықты салалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Ондағы жай сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар : бірақ, ал, алайда, дегенмен, сонда да, сөйтсе де ,әйтсе де т.б. Мыс: Елім орасан мол ағаш байлығына ие болып отыр, бірақ бұл байлықтың өзін де ұқыптылықпен тиімділікпен пайдалану керек. Баймахан қосымша уақыт сұрап еді, – төраға үндемеді.
Себеп- салдар салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара себеп- нәтижелі қарым – қатынаста жұмсалатын салалас құрмалас сөйлем себеп- салдар салалас болады.Себеп жалғаулықтары: Себебі, өйткені, неге десең.
Олар тек қана себепті білдіретін сөйлем құрамында айтылады. Салдар жалғаулықтары: сондықтан, сол себепті.Бұлар тек қана нәтижені білдіретін сөйлем құрамында жұмсалады. Мыс: Көпшілік тікұшақтар 250 км /сағаттан аспайтын жылдамдықпен ұшады, сондықтан оны аса аққыш формалы түрге келтірудің онша қажеті жоқ.
Талғаулы салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері не , немесе, я, яки, әлде, болмаса деген жалғаулықтар арқылы байланысып, іс-әрекеттің талғануын білдіретін салалас құрмалас сөйлес талғаулы салалас болады. Мыс: Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек. Сол белгі менде жоқ па, әлде көрмейсіңдер ме?
Кезектес салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері бірфде, біресе, кейде деген жалғаулықтар арқылы байланысса, іс әрекеттің алмасып келуін білдіретін салалас құрмалас сөйлем кезектес салалас болады. Кезектес салалас сөйлемдегі баяндауыштармен жалғаулықтар қайталанып айтылады. Мыс: Тыныс керек кейде жанға, кейде жанға ән керек.
Шартты салалас
Алғашқы предикатив сыңарында екіншісіндегі іс-оқиғаның шартты берілетін салаластың түрін шартты салалас дейміз. Предикатив сыңарларының арасына үтір, кейде сызықша қойылады. Енді жіберіп көрші, құдай біледі әкеңді танытамыз.Жұрт айтты- көне берді.
Орындалған арман.

Объяснение: