Сонымен, компьютердiң адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: көздің көру қабілетін төмендетеді, омыртқалардың қисаюына алып келеді, жуйкеге салмак түсіреді, шаршағыштық, әлсіздік басады. Бүгінгі таңда әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет сөйлесуден гөрі әлеуметтік желілер арқылы сөйлеседі. Көптеген ғалымдардың ойынша, адамдар әлеуметтік желіде отырған сайын оның шынайы өмірмен қарым-қатынасы үзіледі. Әлеуметтік желі арқылы қарым-қатынас жасаған адам шынайы өмірде тұйық, көптеген адамдармен сөйлесуі қиынға түседі, жолында пайда болған мәселелерді шешуге қабілеті аз болады. әрқашан әр нәрсенің жақсысын уйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық! Тапсырмалар. 1. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз Ғаламтормен жұмыс жасау ережелері Ғаламтордың пайдасы мен зияны Әлеуметтік желілердің түрлері Ғаламтордың пайда болу тарихы
Ғаламтордың пайдасы мен зияны