Сопоставьте новые слова с фразами.) 1. таудан а) қуат алғанмын 2. еліктің сүтін еміп ә) маған шашады 3. Қыранның қанатынан б) Ана туған 4. Күн алғашқы сәулесін в) ержеткенмін 5. Мені тау деген г) жаратылғам
Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді,шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған кісінің қалжыңы мен тапқырлығы аралас әңгімелері ойыма жиі оралады.бірде, жанымдағы жақын достарымнан көңілім қалып, атамнан: - «дос табу оңай ма? » деп, ақыл сұрай бардым.сонда атам: – өзің қалай ойлайсың, жауап іздеп көрші деді.- ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын,- дедім мен.ол кісі ойымның бұрыстығын айтты. - жоқ, , өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың болса, өзің шала боласың, – деп ақыл айтты.
Менің сүйікті спортым ол баскетбол және волейбол, Мен волейболды кішкентай кезімнен бастап үйреніп жүрмін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып бірінші және екінші орындарын алып жүрміз. Біздің жаттықтырушымыз әрқашан да өздеріңе сенімді ойнаңдар дейді. мінекей сол сенімнің арқасында бірінші және екінші орындар алып жатырмыз. Ал баскетбол ойынына келсек. Біздің командамыз бес адамнан тұрады. Бәріміз де тырысып ойнаймыз, әрине сеніммен. Сондықтан да біз жеңеміз. Бірақ мен қазір баскетболды көп ойнамайтын болғанмын. Себебі, біздің командамыздан екі қыз кетіп қалды. Оларды басқа мектепке ауыстырып жіберді. Міне баскетбол ойынын осылай тоқтатқандаймын. Бірақ волейбол және баскетбол менің сүйікті спортым болып қалады.