СОР 1.Абай Құнанбайұлы кім?
А. ұлы жазушы
Ә. ұлы ақын
Б.ұлы ғалым
В. ұлы күйші
2.Қай медреседе 3 жыл оқиды?
А. Ахмет Риза
Ә. Омбы медресесінде
Б. Кадет корпусында
В.Училищеде
3.Әжесінің аты кім?
А. Балжан
Ә.Ұлжан
Б. Зере
В. Әйгерім
4. «...Ата-анадай елжірер күннің көзі» қай өлең жолдарынан?
А. Қыс
Ә. Жазғытұры
Б.Әсемпаз болма әрнеге
В. Күз
5. «Бес нәрсеге асық бол» қандай жақсы қасиеттерді айтқан?
А. өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ
Ә.мақтаншақ,ұқыпсыз,өтірік,қанағат,жағымпаз
Б. талап,еңбек, терең ой,қанағат,рақым
В. еңбек, мақтаншақ,рақым,мал шашпақ,өсек
6. Жазда күн қандай болады?
А. салқын
Ә. аяз
Б.боран
В. ыстық
7.Өлеңде құлын-тай қай жерде шауып жүр?
А.суда
Ә. тауда
Б. қырда
В. шалғында
8. «Ат,айғырлар,биелер» өлеңді жалғастыр.
А. Көгорай шалғын,бәйшешек...
Ә. Бүйірі шығып ыңқылдап...
Б. Шалғыннан жоны қылтылдап...
В.Айнала шауып бұлтылдап.
9. «Дымқыл,тұман» деген сөздер қай өлеңде кездеседі?
А. «Жаз»
Ә. «Қыс»
Б. «Күз»
В. «Жазқытұры»
10. «Күз» өлеңінде не суреттелген?
А. Ауылдың көңілсіз күйі суреттелген.
Ә. Шұрқыраған жылқылар суреттелген.
Б. Кәрі құда қыс суреттелген.
В. Көгорай шалғын суреттелген.
11. Жылдың қай мезгілін «кәрі құдаға» теңеген?
А. көктем
Ә. күз
Б. қыс
В. жаз
12. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды тап.
А. және,да, де,әрі
Ә. немесе,я, яки
Б. бірақ,алайда,сонда да
В. себебі,сол себепті,сондықтан
13. «Жазғытұры», «Қыс», «Жаз», «Күз» қандай лирикаға жатады?
А. азаматтық лирика
Ә. көңіл-күй лирикасы
Б. табиғат лирикасы
В. махаббат лирикасы
14. Н.Ә.Назарбаевтың Абай туралы пікірін тап.
А. Абай - қазақтың ұлы ақыны.
Ә.Абай - қазақтың дара ақыны.
Б. Абай әлемі- бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті.
В. Абай әлемі – балалық шақты жырлаған.
15. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына неше жыл толды?
А. 175
Ә. 176
Б. 155
В. 178
Мен үшін бұл жазғы демалысым ерекше өтті десем артық айтқаным емес.
«Жас Өркен» өмірімен тығыз байланысты көшбасшылар білетіндей, маусым айында «Жас Өркен» қосымша білім беру орталығы 5-күндік лагерь ұйымдастырған болатын. Осы 5 күн ішінде облысымыздың түпкір-түпкірінен жиналған жас көшбасшылар көп жылдарғы достардай, бір шаңырақтың астында жұмылып, жыл бойы білген жаңалықтары мен қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Өз басыма бұл лагерь қатар жүрген достарымды жаңа қырларынан тануға үлкен мүмкіндік берді. Әлі күнге дейін лагерь фотосуреттерін қарап, сол керемет күндерді сағына еске аламын. Бірақ, уақыт зымырай шығып, лагерьмен де қоштасуға тура келді. Әйтсе де, сол қызықты демалысымы сағынышпен аңсаймын...
Қанша тоқтатқын келсе де, уақыт зымырай берді, зымырай берді… Сондай жазғы кештердің бірінде Алматыға «Молодежный Банк Идей Активінен»(жасы 15-24 ар.барлық жастардың әлеуметтік жобаларына 500$-дан аса грант беретін ұйым) 3 күндік семинарға шақыру келді. Бұған дейін Банкте Програмдық менеджер мен Пресс-менеджер қызметін атқарған мен, өзіме тың жаңалыққа ие болам деген ниетпен, ат басын Алматы жаққа бұрдым. Семинар жаңа технологиялар мен интернет желісінің мүмкіндіктеріне, әлемдегі ең тиімді де қызықты жобаларына арналып, көптеген қонақтар шақырылды. Тағы бір қызығы, бұл семинарға бармас бұрын мен «Сорос-Қазақстан қорына» Алматыда өтетін жазғы «Эвергриния Республикасына» өз мақаламды жіберіп, жауабымды күтіп жүргенмін. Сөйтсе, дәл осы семинарға шақырылған қонақтардың ішінде Сорос қоры да болып, менің лагерьге өткенімді хабарлады. Бір емес, бірнеше қуанышқа кенеліп, Оралға аттандым.
Ғаламтордың пайдасы мен зияны.
Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдасын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зияны да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Желіде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын.
Дегенмен де, менің ойымша ғаламтордың зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін.