Өсімдіктердің тіршілік кезеңдері 4-ке бөлінеді:
1. Латентті (жасырын)
2. Прегенеративті
3. Генеративті
4. Постгенеративті
Латентті (жасырын) - бірінші толыстық кезеңі.
Прегенеративті - тұқымның өсуінен бастап дербес организмде ересек өсімдіктерге сәйкес жапырақтардың, өркендердің және тамырлардың басым болуына дейін.
Генеративті - генеративтік өркендердің пайда болуынан бастап, олардың кенет азаюына дейін.
Постгенеративті - тіршілік формасының қарапайымдалуы, генеративтік өркендердің болмауы, бірте-бірте жалпы тірі өркендердің болмауы.
Қойшы бала мен күшік
Бір бағыланды сойғызып,
Іргеге жастық қойғызып,
Үйіне болыс кеп отыр.
Кұйрыққа бауырды астарлап,
Пыс-пыс етіп қос қолдап,
Сылқылдатып жеп отыр.
Қасындағы хатшысы,
Алаңғасар атшысы -
Олар да асап жатыр-ау.
Поштабайың - пақырың,
(Асасаңшы ақырын!)
Қақалдың ғой, батыр-ау!
Бәйбіше мен бай да тоқ,
Қонақтан күтіп пайда жоқ.
Өз табағы өзінде...
Бір бала отыр анадай,
Беті-қолы қара май,
Кезі болыс көзінде.
Катқан тоңы қаудырап,
Табаққа көзі жаудырап,
Отыр бала есікте.
Аузы толған түкірік,
«Кет!»- деп қояды жекіріп
Қатар тұрған күшікке.
Бір мезгілде хатшы Иван,
Бір жілік ап атшыдан,
Есікке қарай лақтырды.
Жілік жерге жалп берді,
Жалп бергенде, тап берді,
Тап бергенде, шап берді.
He күтіп болар күшіктен?
Тістей салып, есіктен
Сып етіп шықты далаға.
Күшікке қайнап зығыры,
Артынан шықты жүгіре
Іле-шала балада.
Қойшы да болса бала еді...
Баланы не деп болады?!
Көңіліне қатты алғаны.
Шынымен көзге жас алып,
Үйді барып тасалап,
Күшікті теуіп қалғаны.
Үйде отырған бәйбіше:
«А, жүгірмек, қой десе!..»-
Деп балаға жекірді.
Сонда болыс ыңқ етіп,
Үйдің ішін мүңкітіп,
«Өһ!» деп бір кекірді.
Өсімдіктердің тіршілік кезеңдері 4-ке бөлінеді:
1. Латентті (жасырын)
2. Прегенеративті
3. Генеративті
4. Постгенеративті
Латентті (жасырын) - бірінші толыстық кезеңі.
Прегенеративті - тұқымның өсуінен бастап дербес организмде ересек өсімдіктерге сәйкес жапырақтардың, өркендердің және тамырлардың басым болуына дейін.
Генеративті - генеративтік өркендердің пайда болуынан бастап, олардың кенет азаюына дейін.
Постгенеративті - тіршілік формасының қарапайымдалуы, генеративтік өркендердің болмауы, бірте-бірте жалпы тірі өркендердің болмауы.
Қойшы бала мен күшік
Бір бағыланды сойғызып,
Іргеге жастық қойғызып,
Үйіне болыс кеп отыр.
Кұйрыққа бауырды астарлап,
Пыс-пыс етіп қос қолдап,
Сылқылдатып жеп отыр.
Қасындағы хатшысы,
Алаңғасар атшысы -
Олар да асап жатыр-ау.
Поштабайың - пақырың,
(Асасаңшы ақырын!)
Қақалдың ғой, батыр-ау!
Бәйбіше мен бай да тоқ,
Қонақтан күтіп пайда жоқ.
Өз табағы өзінде...
Бір бала отыр анадай,
Беті-қолы қара май,
Кезі болыс көзінде.
Катқан тоңы қаудырап,
Табаққа көзі жаудырап,
Отыр бала есікте.
Аузы толған түкірік,
«Кет!»- деп қояды жекіріп
Қатар тұрған күшікке.
Бір мезгілде хатшы Иван,
Бір жілік ап атшыдан,
Есікке қарай лақтырды.
Жілік жерге жалп берді,
Жалп бергенде, тап берді,
Тап бергенде, шап берді.
He күтіп болар күшіктен?
Тістей салып, есіктен
Сып етіп шықты далаға.
Күшікке қайнап зығыры,
Артынан шықты жүгіре
Іле-шала балада.
Қойшы да болса бала еді...
Баланы не деп болады?!
Көңіліне қатты алғаны.
Шынымен көзге жас алып,
Үйді барып тасалап,
Күшікті теуіп қалғаны.
Үйде отырған бәйбіше:
«А, жүгірмек, қой десе!..»-
Деп балаға жекірді.
Сонда болыс ыңқ етіп,
Үйдің ішін мүңкітіп,
«Өһ!» деп бір кекірді.