В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
marmeladkina
marmeladkina
23.02.2023 18:33 •  Қазақ тiлi

Сор 4 класс 3. запиши основную мысль текста​

Показать ответ
Ответ:
Dimon2281337
Dimon2281337
07.11.2022 05:30
Қазақстан- Еуразияның орталығында орналасқан мемлекет. Көп бөлігі Азияда, аз ғана бөлігі Еуропада орналасқан. Қазақстанның жер көлемі 2724902 км2
Астанасы-Астана. Мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
Каспий теңізі,төменгі Повольже, Урал, Сібір, Қытай,Орталық Азия аралығында орналасқан.
Солтүстігі мен батысында Ресеймен шектеседі-7548,1км. шығысында- Қытаймен-1782,8 км, оңтүстігінде- Қырғызстанмен-1241,6 км,Өзбекстанмен-2351,4км, Түрікменстанмен- 426,0 км.Түрік одағының ең үлкен мемлекеті болып табылады.Қазақстан- дүниежүзілік мұхитқа шығалмайтын ірі елдердің бірі.
14 облысқа бөлінеді республикалық деңгейде 2 қала- Алматы,Астана және Байқоңыр.
0,0(0 оценок)
Ответ:
yarik28032001
yarik28032001
18.08.2022 06:49

«Ата–ананың парызын, өтеу–сенің қарызың» деген тақырыпқа жалпы медицина факультетінің үшінші курс, 2,5,8 топтарының студенттерімен тәрбие сағаты өткізілді. Отырыстың алдында болашақ дәрігерлер, сіздерге былай демекпін деп, оқытушы м.ғ.к. А.Қаныбеков өзінің кіріспе сөзін бастады. Ата-ана-әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені де дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.

Жоғарыда көрсетілген тақырыпқа баяндама жасау үшін Райымжан қызы сөз беріледі. Өз баяндамасын Райымжанқызы Әсел былай деп бастады: Әр бала үшін дүниедегі ең қымбат жандар, әрине, ата-анасы болуға тиіс. Олардан жақын адамдар бұл дүниеде табыла қоймас. Себебі, олар біздің туғанымыздан бастап, қасымызда жүріп, қамқорлық жасап, қолындағы барын бізге берген. Әрбірден соң, балаларым аш, қатарынан қалмасын деп, «ішейін деп отырған астарын» біздерге сақтап отыратыны бәрімізге белгілі. Қазірде біздердің орта мектепті бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсуімізге демеу беріп, болашақ дәрігер болып шығуымызды армандап отырған жайлары бар. Сондықтан мен ата-ананың алдындағы борышты өтеу өте қиынға түседі деп ойлаймын.

Ертеректе, бір жігіт атақты ғұламаға: мен туған анамды бүкіл мұсылман елдерінің тұрғындары зиярат қылатын Мекке, Мединеге үш рет алып барсам, анамның алдындағы борышымды ақтай аламын ба, деп сұраған көрінеді. Сонда ғұлама айтқан екен: жоқ, анаңның сені тербетіп, бір түн ұйықтамаған кезіндегі борышынан ған құтыласың, деген екен. Себебі, олардың бізге сыйлағаны баға жетпес сыйы-өмір. Бұл-өте қымбат, баға жетпес нәрсе деп ойлаймын..

Сондықтан, ата-анаға не істесең, алдыңа өзіңнің балаларыңнан қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Орыс атақты жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам ата, бала, келін, немере тұрған екен. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен әкеліп береді екен. Бір күні шалдың немересі ағаш жонып жатқан көрінеді. Сонда, оның әке-шешесі:

— Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.

— Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, — депті баласы. Міне, осы мысалдан-ақ байқауға болады, бала жанұяда не көрсе, келешекте соны істейтінін.

Қазіргі жағдайға келетін болсақ, қартайып, денелерінен күш кеткен әке-шешесін қарттар үйіне тапсырып, айдың аяғында олардың пенсияларын әкетіп жатқан ер жеткен жігіттер аз емес екені анда, санда болса да кездесіп қалады.

Қорыта келгенде, адам өмірінің

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота