В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Moon133
Moon133
12.02.2021 06:26 •  Қазақ тiлi

Сор по каз яз 3 четверть 2 сор 6 класс

Показать ответ
Ответ:
maksisenko6451
maksisenko6451
31.03.2022 18:57

Бір шаңырақ астында

«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай Жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп,Жеріміздің шетін жау ба деп, найзаға үкі таққан елміз,

ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақт«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай Жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп,Жеріміздің шетін жау ба деп, найзаға үкі таққан елміз,

ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Асқақтаған жау болса, ордасын таптай білген елміз.»

Қазыбек би.

Дүние жүзінде мыңнан астам халық тұрады. Олардың халық болып қалыптасуының өзіндік тарихи жолдары бар. Ал халық болып қалыптасу – бір ғасырдың ғана емес, бірнеше мыңдаған жылдардың жемісі. Сондай ұзақ қалыптасу кезеңдерін қазақ халқы да бастан кешірді.

ХҮғ. ІІ жартысында тарыдай шашыраған қазақтардың басын бір арнаға тоғыстырған Керей мен Жәнібек бастаған қазақтар Батыс-Жетісудағы Қозыбасы деген жерде қазақ елінің туын желбіретіп, мәңгі мызғымастай іргесін қалады. Міне, содан бергі 550 жыл бойы қазақ халқы басынан талай тауқыметті замандарды басынан кешірді. Бірақ, қандай алапат, ауыр жылдар болса да, ұлан-байтақ өңірін мекендеген халқымыз ұлттық мемлекеттік дәрежеге жеткенше атамекекнін тастап басқа жаққа асып кетпеді. Керісінше, кең байтақ жерімізде еліміздің ұлттық мемлекетін дәуірлетіп, дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы, іргелі ел санатына қосылды. Міне, осындай дәуірлеу, өркендеу, халық болып қалыптасу жолында қазақ халқын бірлікке, жұдырық болып жұмылуға шақырған, қазақ елінің керегесін кеңейтіп, біртұтас егеменді ел болуда аянбай еңбек еткен, есімдері қазақ халқында алтын әріппен жазылған азуы алты қарыс арыстандай айбарлы, әділдігі қара жерді қақ жарар данышпан хандарымыз, жүрегін түк басқан, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елін қорғаған батырларымыз, от ауызды, орақ тілді би-шешендеріміз, даңқты тұлғаларымыз қаншама. Мәселен, Керей мен Жәнібекті қазақ хандығының іргесін қалаған бірегей тұлғалар ретінде танысақ, Керейдің ұлы Қасы ханды қазақ хандығының қуаты мен беделін алыс елдерге танытуын «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заңдар жинағымен белгілі. Қасым хан тұсында да қазақ хандығының өрлеуін сол кездегі атақты Бабырдың мына сөздерінен аңғарғандаймын. «...жұрттың айтуына қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының ббір де біреуі бұл халықты дәл Қасым сияқты бағындыра алмаған.» Ал, тарихшы Мұхаммел Хайдар Дулати: «Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес,» - деген. Бұдан Қасым ханның халық арасындағы беделін және қазақтарды бір шаңырақ астына топтастырудағы еңбегін ұшан-теңіз екенін аңғаруға болады. Қасым ханнан соң көптеген хандар таққа отырып, қазақ елінің керегесінің кеңеюіне, халықаралық қатынасының нығаюына елдің қорғаныс қабілетінің нығаюына, елдің қорғаныс қабілетінің жоғарылатуда өз үлесін қосты. Солардың ішінен тілге тиек етіп отырғаны - Тәуке хан. Ол ішкі талас-тартысты, саяси бытыраңқылықты жою мақсатында және мал-мүлікке, жерге, адамдар арасында туындайтын дау-жанжалдарға байланысты «Жеті жарғы» заңдар жинағы жарыққа шықты. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған кезеңді қазақ хандығының «алтын ғасыры» деген. Осы орайда атақты орыс ғалымы А.И.Левшиннің осы билеуші туралы пікірінен сабақтай түссем, «ал, оларды өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты... ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, өзіне бағындыра білді.»-деген. Біз осыдан кейін асқар таудай нар тұлғалы хандардың, батырлардың арқасында осы күнге жетіп отырғанымызды ешқашан ұмытпауымыз керек.

Бүгінгі таңда Қазақстан көпұлтты, кең-байтақ жері бар, Жерінің асты-үсті толған байлаққа ие. Осындай алып та, алуан түрлі ұлт-діңн өкілдерінің басын бір шаңырақ астында біріктіріп, оларды келешекке нық сеніммен бастай білген дана да дара тұлға Нұрсұлтандай Елбасы басқарған кең байтақ даламызды бүгін де егемендіктің көк байрағы желбіреп тұр. Еркіндіктің самал желімен тыныстаған қазақ халқы міне бақытты. Сонау ұлы хандардың тізбегін жалғастырып, қазақ елін басқарып отырған Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында күллі әлем Қазақстан деген біртұтас, беріктігі мызғымас қайсар халықтың бар екенін тани түсуде.

Қорыта келгенде айтарым, Біз өшпес, асыл мұрамызбен, тамыры терең тарихымызбен және жарқын болашағымызға деген үмітпен Қазақстанның еңсесін тік ұстауымыз керек. «Мақсат – жетістіктің желкені. Орынды мақсаттар ғана табысқа жетелейді.» - деп, Елбасымыз айтпақшы келер күнге мақсат қою арқылы тек қана алға жылжуымыз қажет. Сонда ғана мәңгілік ел болыпқаларымыз сөзсіз.

Ендігі тілерім, шеті жоқ, шегі жоқ мына дүниенің, жұмыр ғаламшардың бір бұрышынан өзіндік орын алып тұрған Қазақстанның абыройы асқақтай берсін! Қазақ елінің мерейін үстем етер, әлем таң қалар талай-талай жаңалық ашар жалынды жастарымыз көп болсын. Сан ғасырлар ата-бабамызға арман болған Тәуелсіздік тұғыры биік болсын, бір шаңырақ астында топталған жанұядай ләйім татау болайық!

0,0(0 оценок)
Ответ:
NikikitaHyduak
NikikitaHyduak
11.07.2021 16:07

Қазба қалдықтары Қытайда орта миоцен қабатынан табылған. Солтүстік Африка, Арабия, Кіші және Алдыңғы Азияда, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Қазақстан мен Орта Азияның шөл, шөлейтті және далалы аймақтарында кең таралған. Дүние жүзінде 14 туысқа жататын 40-қа жуық түрі белгілі. Көбіне 2–3 жыл (кейбіреулері 4 жылдай) өмір сүреді. Қазақстанда 9 туыстың 16 түрі мекендейді. Оның 4 түрі: бессаусақты ергежейлі қосаяқ, Гептнер ергежейлі қосаяғы, бозтүсті ергежейлі қосаяқ, үшсаусақты ергежейлі қосаяқ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота